Педиатриялық радиологиядағы сапа мен қауіпсіздік мәселелері бойынша өңірлік семинар

Педиатриялық радиологиядағы сапа мен қауіпсіздік мәселелері бойынша өңірлік семинар

Педиатриялық радиологиядағы сапа мен қауіпсіздік мәселелері бойынша өңірлік семинар

Астанада «Педиатриялық радиологиядағы сапа мен қауіпсіздік» тақырыбында Өңірлік семинар өтті. Іс-шара XI Еуразиялық радиологиялық конгресс аясында ұйымдастырылып, әртүрлі елдерден келген мамандарды біріктірді.

Семинар Радиологтар қоғамының президенті Раушан Рахимжанованың және ҚР ДСМ-нің сәулелік диагностика және интервенциялық радиология бойынша бас штаттан тыс маманы, КФ «UMC» клиникалық-академиялық радиология және ядролық медицина департаментінің директоры Таирхан Даутовтың құттықтау сөздерімен ашылды.

Бағдарлама педиатриялық радиологияда сапа мен қауіпсіздікті қамтамасыз етудің негізгі аспектілерін - диагностикалық рәсімдерді негіздеу мен оңтайландырудан бастап, клиникалық аудиттер мен кадрларды даярлау дейін мәселелерді қамтыды. Бірінші күні қатысушылар балаларды визуализациялау саласындағы жағдай, сын-қатерлер және ұлттық тәсілдер көрсетілген елдік шолуларды ұсынды.

Келесі күндері ДДҰ мен АҚХА ұсынымдарына, клиникалық шешімдерді қолдау жүйелеріне, рентген-лаборанттарды оқытуға, дозалық жүктемені басқаруға және ата-аналармен коммуникацияға арналған тақырыптық сессиялар өтті. Барлық бөлімдер практикалық жағдайларды талқылаумен және тәжірибе алмасумен қатар жүрді.

Семинар педиатриялық визуализация саласында қауіпсіз және сапалы қызмет көрсетудің тиімді шешімдері мен ортақ бағдарларын қалыптастыруға арналған маңызды кәсіби алаңға айналды.

Тізімге оралу
© 2022, Астана медицина университеті
Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 49а
тел.: +7 (7172) 53 94 47; +7 700 153 94 47
Яндекс.Метрика