BINOM SCHOOL оқушысы «Жазғы мектеп – 2025» аясында микробиомдар бойынша курстан өтті

BINOM SCHOOL оқушысы «Жазғы мектеп – 2025» аясында микробиомдар бойынша курстан өтті

BINOM SCHOOL оқушысы «Жазғы мектеп – 2025» аясында микробиомдар бойынша курстан өтті

«Жазғы мектеп – 2025» бағдарламасы аясында Астана медицина университетінің Ш.И.Сарбасова атындағы микробиология және вирусология кафедрасы базасында «Күнделікті өмірдегі микробиомдар: А-дан Я-ға дейін» атты қосымша оқу курсы өтті.

Курсқа қатысушы – Қаныш Сәтпаев атындағы BINOM SCHOOL лицей-мектебінің 10-сынып оқушысы Адия Қалиақпарова. Бағдарлама барысында ол медициналық микробиология негіздерін, соның ішінде бактериялардың морфологиясы мен физиологиясын, сондай-ақ олардың антибиотиктерге сезімталдығын анықтау әдістерін меңгерді.

Кафедра оқытушылары – профессор Гүлжан Асемова, аға оқытушылар және магистрлер: Мадина Ботбаева, Айгерім Сәрсенова, Эльмира Акімбекова және Гүлбану Дүйсебекованың жетекшілігімен Адия зертханалық жұмыстар бойынша практикалық дағдыларға ие болды. Ол микроскоп арқылы бактерияларды зерттеп, оларды қоректік ортаға септі, антибиотикке сезімталдығын анықтауға арналған тестілер жүргізді.

Аталған курс Адияға ғылыми-зерттеу жұмысына терең үңіліп, болашақ кәсіби бағытын айқындауға мүмкіндік берген маңызды тәжірибе болды.

Тізімге оралу
© 2022, Астана медицина университеті
Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 49а
тел.: +7 (7172) 53 94 47; +7 700 153 94 47
Яндекс.Метрика