6 ШІЛДЕ – ДҮНИЕЖҮЗІЛІК КАРДИОЛОГ КҮНІ

6 ШІЛДЕ – ДҮНИЕЖҮЗІЛІК КАРДИОЛОГ КҮНІ

6 ШІЛДЕ – ДҮНИЕЖҮЗІЛІК КАРДИОЛОГ КҮНІ

Жүрек – бұл жай ғана мүше емес. Бұл – өмірдің символы.

Жыл сайын 6 шілдеде медициналық қауымдастық өз өмірін адам ағзасының ең басты мүшесі – жүректі сақтауға арнаған дәрігерлердің кәсіби мерекесі – Дүниежүзілік кардиолог күнін атап өтеді.

Жүрек өмір бойы бір сәтке де тоқтамай жұмыс істеп, бүкіл ағза жасушаларын қанмен қамтамасыз етеді. Орта есеппен алғанда, жүрек минутына 70 рет соғып, тәулігіне шамамен 100 000 соққы жасайды. Ғалымдардың пікірінше, жүрек бұлшықеті оған дұрыс күтім жасалған жағдайда 150 жылға дейін қызмет ете алады. Алайда шын мәнінде бұл мерзім күйзеліс, тұқым қуалаушылық, қоршаған орта және өмір салтына байланысты қысқарады.

Кардиологтар – жүрек-қан тамырлары ауруларымен күрестің алдыңғы шебінде тұрған мамандар. Олардың жұмысы – тек нақты диагностика мен күрделі операциялар ғана емес, сондай-ақ профилактика, пациенттермен тұрақты жұмыс және күнделікті өмір үшін күрес.

ДДСҰ деректері бойынша:

·         жыл сайын 17 миллионнан астам адам жүрек-қан тамырлары ауруларынан қайтыс болады;

·         инфаркт пен инсульттердің 80%-ға жуығының алдын алуға болады;

·      негізгі қауіп факторлары – темекі шегу, дұрыс тамақтанбау, жеткіліксіз физикалық белсенділік, күйзеліс және жоғары артериялық қысым.

Өзіңіз бен жақындарыңызға қамқор болыңыз:

·         Мерзімді түрде медициналық тексеруден өтіңіз

·         Қан қысымы, қант және холестерин деңгейін бақылаңыз

·         Белсенді өмір салтын ұстанып, толыққанды тынығыңыз

·         Зиянды әдеттерден бас тартып, созылмалы күйзелістен аулақ болыңыз

Бұл күні біз барлық кардиологтарға өз мамандығына адалдығы мен ұлт денсаулығына қосқан баға жетпес үлесі үшін алғыс айтамыз. Сіздердің арқаларыңызда миллиондаған жүрек соғып тұр.

Тізімге оралу
© 2022, Астана медицина университеті
Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 49а
тел.: +7 (7172) 53 94 47; +7 700 153 94 47
Яндекс.Метрика