Қазақстанда жастар арасындағы вейп қолдануға қарсы күрес күшейтілуде: қауіпті үрдіске шұғыл шара қажет

Қазақстанда жастар арасындағы вейп қолдануға қарсы күрес күшейтілуде: қауіпті үрдіске шұғыл шара қажет

Қазақстанда жастар арасындағы вейп қолдануға қарсы күрес күшейтілуде: қауіпті үрдіске шұғыл шара қажет

Электронды темекілер немесе вейптер мектеп оқушылары мен студенттер арасында денсаулыққа айтарлықтай қауіп төндіретініне қарамастан, қарқынды таралуда. ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, соңғы жылдары вейп қолданатын жасөспірімдер саны бірнеше есеге артқан. ДДСҰ мен CDC мамандарының айтуынша, никотиннің ешбір түрі, әсіресе жас әрі толық қалыптаспаған ағза үшін, қауіпсіз емес.

25 жасқа дейінгі жас ағза белсенді қалыптасу сатысында болады. Никотин мен басқа да заттар жүйке жүйесіне, когнитивті функциялар мен көңіл күйге ерекше әсер етеді. Қазақстанда вейпті тұрақты қолдану фонында тыныс алу жолдары ауруларына, мазасыздыққа және ұйқының бұзылуына шағымданатын студенттер мен оқушылар саны артуда.

Вейптер – никотин жеткізудің электронды жүйелеріне (НЖЭЖ) жататын құрылғылар. Вейпті пайдаланғанда сұйықтық құрылғыдағы қыздырғыш арқылы буланып, нәтижесінде адам тыныс арқылы жұтатын аэрозоль пайда болады. Вейп сұйықтықтарында никотин болуы мүмкін немесе болмауы мүмкін. Олар кәдімгі темекіден айырмашылығы – құрамында темекі жапырағы жоқ, алайда пропиленгликоль, глицерин, хош иістендіргіштер және түрлі химиялық қоспалар бар.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы вейптердің тұрақты тәуелділікке әкелетінін және жасөспірімдердің кәдімгі темекіге көшу ықтималдығын 2–3 есе арттыратынын атап өтеді.

«Көпшілігі вейпингті “жақсы ортаның” әдеті деп қате қабылдаg, қауіп-қатерін түсінбейді. Алайда зерттеулер мен дәрігерлер дабыл қағуда: сұйықтықтағы жеміс-жидек, ментол және басқа да хош иістерден түзілетін қою аэрозоль бронх эпителийін зақымдап, тіндердің оттегімен қамтамасыз етілуін нашарлатады. Мұндай вейптер жоғары концентрациялы аэрозоль түзеді, бұл гипоксияға және тыныс алу жолдарының зақымдануына алып келуі мүмкін. Болашақ дәрігерлер ретінде біз бұны біліп қана қоймай, вейпинг салдарын пациенттерден де, өзімізден де тани білуіміз керек. Шаршағыштықтың артуы, жөтел, ұйқының бұзылуы, мазасыздық – ескерусіз қалдырмау қажет мүмкін белгілер», – дейді академик Е.Д. Даленов атындағы Профилактикалық медицина ғылыми-зерттеу институтының ғылыми қызметкері, терапевт-дәрігер Қарлығаш Сүйіндік.

Еске сала кетейік, 2024 жылғы сәуірден бастап Қазақстанда вейп өнімдерін сатуға және жарнамалауға толық тыйым салынды. Индустрияның агрессивті маркетингіне қарамастан, нақты деректер келесіні көрсетеді: вейп – бұл шылым шегуді тастауға көмектесетін құрал емес, керісінше, құрамында уытты заттары бар және тәуелділік тудыратын өнім.

Ата-аналарды, педагогтарды және жастардың өзін «түтінсіз бу» үшін төленетін нақты баға туралы ойланып, алдын алу шараларына белсенді атсалысуға шақырамыз. Тек бірлескен күш-жігер арқылы жастар арасында никотинге тәуелділіктің жаңа толқынына жол бермеуге болады.

Тізімге оралу
© 2022, Астана медицина университеті
Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 49а
тел.: +7 (7172) 53 94 47; +7 700 153 94 47
Яндекс.Метрика