King’s College London – әлемнің жетекші жоғары оқу орындарының бірі, түрлі ғылыми салаларда мойындалған беделді университет. Әсіресе медицина, өмір туралы ғылымдар және денсаулық сақтау салаларында жоғары нәтижелерге ие.
2025 жылы аталған университет QS World University Rankings рейтингісі бойынша «Өмір туралы ғылымдар және медицина» бағыты бойынша әлемде 11-орынға, ал Times Higher Education World University Rankings нұсқасы бойынша «Клиникалық медицина және денсаулық сақтау» бағыты бойынша 12-орынға ие болды.
Қазіргі уақытта King’s College London 2026 жылғы маусым айында Лондонда басталатын 12 айлық тағылымдамаға үміткерлерді іріктеуді жүзеге асыруда. Бұл тағылымдама 2025 жылы «Болашақ» және «500 ғалым / Ғылыми стипендия» бағдарламалары бойынша қаржыландыруға өтінім беретін үміткерлерге арналған.
Маңызды: әрбір үміткер «Болашақ» халықаралық стипендиясы бағдарламасының ресми сайтында көрсетілген мамандық талаптарына сәйкес келуі тиіс.
King’s College London университетіндегі тағылымдамаға қатысу үшін онлайн-өтінімді келесі сілтеме арқылы жіберуге болады:
https://forms.office.com/e/ar4pjQzGCM
Ғылыми тағылымдамаға іріктеуге қатысу үшін құжаттар «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ-на тікелей (қағаз түрінде және электрондық тасымалдағыштағы сканерленген нұсқасы) келесі мекенжайға тапсырылуы қажет: Астана қаласы, Сығанақ көшесі, 70-үй, «Сығанақ» бизнес орталығы, 5-қабат, 508-кабинет.
Толық ақпаратты ресми сайттан алуға болады:
https://bolashak.gov.kz/ru/pretendentu-po-ns/kak-podat-dokumenty-po-ns
Қосымша ақпарат алу үшін келесі мекенжайға жүгінуге болады: Астана қ., Бейбітшілік к-сі 49а, 4-қабат, 414-кабинет, сағат 15:00–16:00 аралығында, немесе келесі телефон арқылы: 53-94-72. Жауапты тұлға: Мукушева Жібек Ардаққызы.