2025 жылғы 6–10 қазан аралығында «Астана медицина университеті» КеАҚ шетелдік профессор және дәріскер ретінде анатомия, физиология және фармакология саласының белгілі маманы д-р Керим Мутигті шақырады.
Сапар тақырыбы: гистология негіздері.
Дәрістердің негізгі тақырыбы: «Гистология негіздері: қазіргі заманғы тәсілдер мен ғылыми зерттеулер».
Лектор туралы қысқаша ақпарат:
- 1993–1999 жж. Семей мемлекеттік медицина академиясында медициналық білім алып, үздік дипломмен тәмамдаған.
- 2004 ж. Германия, Берлин қаласындағы Charité клиникасында интернатурадан өтіп, дәрігерлік апробация мен лицензия алған.
- 2007 ж. Берлиндегі Гумбольдт университетінде (Charité) «Tamm-Horsfall Proteins (THP) зәр концентрациясы механизміндегі рөлі. THP-Knockout тышқанын сипаттау» тақырыбында докторлық диссертациясын қорғап, Summa cum Laude дәрежесін алған.
- 2007–2024 жж. Берлин қаласындағы Charité медицина университетінде ғылыми топ жетекшісі, анатомия және физиология кафедрасының доценті.
- 2014 ж. «Антидиуретикалық гормонның бүйректегі Na-(K)-Cl тасымалдаушыларын реттеудегі рөлі» тақырыбында хабилитация қорғап, Dr. habil ғылыми дәрежесін және жоғары оқу орындарында анатомия пәнінен дәріс оқуға лицензия алған.
- 2019 жылдан бері И.М. Сеченов атындағы Бірінші Мәскеу мемлекеттік медицина университетінде (Сеченов университеті) фармакология кафедрасының профессоры.
Ғылыми қызығушылықтары:
- гистология және жасушалық механизмдер;
- бүйрек анатомиясы мен физиологиясы;
- фармакология және иондық тасымалдаушыларды реттеу;
- медицинаның пәнаралық зерттеулері.
Бұл сілтеме университеттің білім алушылары мен профессорлық-оқытушылар құрамына ғана арналған.
Қатысу үшін 2025 жылғы 29 қыркүйекке дейін тіркеу формасын толтыру қажет
Тіркеу сілтемесі: https://forms.gle/tnFfwNVqiZCmU6jt7