Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған республикалық оториноларингологтар конгресі Қазақстан мен шетелдің жетекші мамандарын біріктірді

Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған республикалық оториноларингологтар конгресі Қазақстан мен шетелдің жетекші мамандарын біріктірді

Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған республикалық оториноларингологтар конгресі Қазақстан мен шетелдің жетекші мамандарын біріктірді

Абай облысының Семей қаласында «Оториноларингология – бас және мойын хирургиясындағы жаңа инновациялық технологиялар» атты республикалық конгресс өтті. Іс-шара ұлы ойшыл Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына арналды.

Ғылыми форумның ұйымдастырушылары – «Астана медицина университеті» КеАҚ-ның оториноларингология кафедрасы, Семей медицина университеті және «Оториноларингология және бас және мойын хирургиясы» Қазақ ұлттық ғылыми қоғамы.

Конгресті ұйымдастыру комитетінің төрағасы – медицина ғылымдарының докторы, профессор, Семей медицина университетінің ректоры Алтай Дүсіпов ашты.

Қатысушыларды Семей қаласының әкімі міндетін атқарушы Қуаныш Әбілдаев және Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы (2009–2010 жж.), К.И. Сәтбаев атындағы ұлттық зерттеу техникалық университеті ректорлар кеңесінің мүшесі, генерал-лейтенант Әділ Шаяхметов құттықтады.

Конгресске Қазақстанның, ТМД және Еуропа елдерінің белгілі сарапшылары – академиктер, профессорлар, медициналық жоғары оқу орындарының және ғылыми орталықтардың басшылары, Ресей ғылым академиясының және халықаралық кәсіби ұйымдардың өкілдері қатысты.

Ғылыми баяндамаларымен Мәскеуден профессорлар А.С. Лопатин мен А.В. Гуров, Ташкенттен профессор Ш.Э. Амонов, Варшавадан профессор Каземир Немчик, Бішкектен профессор Ж.С. Сулайманов, сондай-ақ Қазақстанның жетекші ғалымдары мен тәжірибелі дәрігерлері сөз сөйледі.

Ерекше назар жас мамандарды қолдауға аударылды. Конгресс аясында жас оториноларингологтар секциясының отырысы өтіп, онда резиденттер, магистранттар және докторанттар өз ғылыми жұмыстарын ұсынды.

Секция төрағалары және қазылар алқасының мүшелері профессорлар Т.Н. Бұрқытбаева (Алматы), Э.К. Исмагулова (Ақтөбе), Б.З. Жүсіпов (Астана) болды. Жеңімпаздар I, II және III дәрежелі дипломдармен, бағалы сыйлықтармен және ақшалай марапаттармен атап өтілді.

Бірінші дәрежелі дипломды М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университетінің оториноларингология және офтальмология кафедрасының резиденті З.Т. Назарова ағылшын тіліндегі «Clinical and morphological relationship of the middle ear with the inner ear and its significance in the violation of sound perception» атты баяндамасы үшін иеленді.

Конгресс жоғары деңгейде ұйымдастырылып, тәжірибе алмасу, кәсіби байланыстарды нығайту және оториноларингология саласында инновациялық диагностикалық және емдеу әдістерін ілгерілету алаңына айналды.

Іс-шара Қазақстанның мәдени мұрасына деген қызығушылық, достық пен өзара құрмет рухында әртүрлі ғылыми мектептердің өкілдерін біріктірді.

Делегаттар үшін мәдени бағдарлама ұйымдастырылып, оған өлкетану музейі, ЮНЕСКО тізіміне енген Абай Құнанбайұлы мен Ф.М. Достоевский музейлеріне бару кірді.

 

Тізімге оралу
© 2022, Астана медицина университеті
Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 49а
тел.: +7 (7172) 53 94 47; +7 700 153 94 47
Яндекс.Метрика