«2026–2027 оқу жылына арналған «Абай–Верн» магистратура және докторантура стипендиялық бағдарламасы

«2026–2027 оқу жылына арналған «Абай–Верн» магистратура және докторантура стипендиялық бағдарламасы

«2026–2027 оқу жылына арналған «Абай–Верн» магистратура және докторантура стипендиялық бағдарламасы

«Абай–Верн» шәкіртақы бағдарламасы – Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі мен Француз Республикасының Еуропа және сыртқы істер министрлігінің бірлескен бастамасы. Бағдарлама Қазақстан азаматтарына Франция университеттерінде білім алу және ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізу мүмкіндігін ұсынады, магистратура және докторантура деңгейінде кең ауқымды мамандықтар бойынша қолжетімді.

 

Бағдарламаның негізгі артықшылықтары:

·       Тұрғын үйге ай сайынғы шәкіртақы (магистранттар үшін 10 ай бойы 800 евро және докторанттар үшін жыл сайын 3 жыл бойы 6 айлық 1500 евро);

·       Франциядағы мемлекеттік жоғары оқу орнында тіркеу төлемінен босату;

·       Ұзақ мерзімді студенттік виза;

·       CROUS студенттік баспана алу мүмкіндігі;

·       Студенттік асханаларда жеңілдікпен тамақтану;

·       Қосымша медициналық сақтандыру тегін;

·       Білім беру бағдарламалары француз немесе ағылшын тілінде;

·       Халықаралық академиялық ынтымақтастық аясында қолдау.

 

Кім қатыса алады:

·       2-ші курс магистранттары;

·       1-ші курс докторанттары.

 

Маңызды:

·       Қатысу тек Қазақстан Республикасының азаматтары үшін мүмкін.

·       Франция университетінен қабылданғаны туралы немесе шақыру хатының болуы міндетті.

·       Бағдарлама бакалавриатқа қолданылмайды.

 

Өтінімдерді қабылдау мерзімі:

2026–2027 оқу жылы үшін өтінімдерді қабылдау басталуы және құжаттарды тапсыру соңғы мерзімі қосымша жарияланады.

 

Қызығушылық танытқан кандидаттар келесі ресми ресурстарды тұрақты түрде қадағалауларыңызды сұраймыз:

·       Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі:

      https://www.gov.kz/memleket/entities/sci?lang=kk

·       Campus France Kazakhstan:

https://www.kazakhstan.campusfrance.org/kk/abay-vern-stipendiyalyk-bagdarlamasy

   

Кеңес алу үшін байланыс:

Тулеубаева Алина Жаннатовна

Мекенжайы: Бейбітшілік к-сі, 49а, 4-қабат, 414-кабинет

Қабылдау уақыты: 16:00–17:00

Телефон: 53-94-72

 

Толық қатысу шарттары және қажетті құжаттар тізімі қоса берілген файлда ұсынылған:

Тізімге оралу
© 2022, Астана медицина университеті
Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 49а
тел.: +7 (7172) 53 94 47; +7 700 153 94 47
Яндекс.Метрика