МУА қаржылық сауаттылық жөніндегі халықаралық диалог алаңына айналды

МУА қаржылық сауаттылық жөніндегі халықаралық диалог алаңына айналды

МУА қаржылық сауаттылық жөніндегі халықаралық диалог алаңына айналды

Астана медицина университетінің «Қоғамдық денсаулық және менеджмент» кафедрасы қаржылық сауаттылық, экономикалық тұрақтылық және инновацияларды бағалаудың заманауи тәсілдеріне арналған халықаралық дөңгелек үстел өткізді. Іс-шара Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы – Теңге күніне орай ұйымдастырылып, оның өзектілігі мен символикалық мәнін арттырды.

Дөңгелек үстел Қазақстан, Ресей және Қырғызстаннан келген ғалымдарды, сарапшыларды және мемлекеттік құрылымдардың өкілдерін біріктіріп, кездесудің халықаралық деңгейін әрі білім беру және ғылыми қауымдастық үшін маңыздылығын айқындады.

Халықаралық сарапшылар мен шақырылған спикерлер баяндамалар жасады:

Антонина Шаркова, э.ғ.д., профессор, Ресей Федерациясы Үкіметі жанындағы Қаржы университетінің салалық нарықтар кафедрасының меңгерушісі (Мәскеу, Ресей);

Сергей Черногорский, э.ғ.к., Санкт-Петербор политехникалық университетінің доценті (Санкт-Петербор, Ресей);

Эльмира Курамаева, э.ғ.к., Ж. Баласагын атындағы Қырғыз ұлттық университеті Экономика жоғары мектебінің доценті (Бішкек, Қырғызстан);

Даулет Мукаев, PhD, экономист, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің VIII шақырылым депутаты (Астана, Қазақстан);

Нұрғали Аязов, Астана қаласы бойынша ЭТД ӨВД жедел уәкілі;

Гүлжан Әліна, э.ғ.к., профессор, Esil University «Бизнес және басқару» факультетінің деканы (Астана, Қазақстан).

Іс-шараға сондай-ақ Астана медицина университетінің профессорлық-оқытушылық құрамы, қызметкерлері мен білім алушылары қатысты.

Бағдарлама аясында «Қазақстанның қаржылық тарихы мен символикасы» атты коллекциялық монеталар көрмесі ұсынылды. Нумизматикалық үлгілермен қатар, білім беру үдерісінде қолданылатын қазақстандық ғалымдардың ғылыми еңбектері де көрсетілді. Бұл қатысушыларға отандық ғылыми әзірлемелермен жақынырақ танысуға және ұлттық академиялық мектептің қаржылық мәдениет пен экономикалық ойлауды қалыптастырудағы рөлін терең түсінуге мүмкіндік берді.

Бағдарламаның қорытынды кезеңі экономика және менеджмент саласындағы талдау және зерттеу дағдыларын дамытуға бағытталған студенттерге арналған қаржылық сауаттылық олимпиадасымен тәмамдалды. Зияткерлік сайысқа университеттің 1 және 4 курс білім алушылары қатысты.

Олимпиада нәтижелері бойынша:

1-орын – Абдуәлім Спаналы,

2-орын – Орынбасар Нарынбаев,

3-орын – Нұрайым Тойкен.

Қалған қатысушылар белсенділігі мен қаржылық құзыреттілікті арттыруға деген ұмтылысы үшін сертификаттармен марапатталды.

Халықаралық дөңгелек үстел экономика, менеджмент және инновациялық даму саласындағы кәсіби тәжірибе алмасу мен елдер арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған маңызды алаң болды.

Тізімге оралу
© 2022, Астана медицина университеті
Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 49а
тел.: +7 (7172) 53 94 47; +7 700 153 94 47
Яндекс.Метрика