Астанада акушерлік және гинекологиядағы инновациялар бойынша халықаралық конференция өтеді

Астанада акушерлік және гинекологиядағы инновациялар бойынша халықаралық конференция өтеді

Астанада акушерлік және гинекологиядағы инновациялар бойынша халықаралық конференция өтеді

2025 жылдың 5–6 желтоқсанында Елордамыз акушерлік-гинекологиялық саладағы кәсіби диалог орталығына айналады: Wyndham Garden Astana қонақ үйінде халықаралық қатысумен өтетін «Акушерлік-гинекологиялық көмек көрсетудегі мультидисциплинарлық көзқарас» V конференциясы ұйымдастырылады.

Іс-шара Қазақстанның жетекші мамандарын және шетелдік сарапшыларды біріктіреді, олар жүктілікті жүргізудің заманауи клиникалық тәсілдерін, ана мен бала денсаулығын қорғаудағы жаңа стратегияларды және перинаталдық асқынулардың алдын алудың өзекті шешімдерін ұсынады.

Бесінші мерейтойлық конференция мазмұны жағынан ең ауқымды шаралардың бірі болмақ: басты назарда – инновациялық клиникалық көзқарастар, перинаталдық тәуекелдерді төмендету, диагностикадағы заманауи технологиялар және пациенттерді жүргізу тиімділігін арттыру жолдары.

Ұйымдастырушылар: Астана медицина университетінің №1 акушерлік және гинекология кафедрасы және «Астана қаласы акушер-гинекологтар федерациясы».

Екі күн ішінде қатысушылар саланың басым бағыттарын талқылайды, практикалық тәжірибе алмасады және репродуктивті денсаулықтың барлық кезеңдерінде әйелдерге көрсетілетін медициналық көмектің сапасын арттыруға бағытталған инновациялық шешімдерді таныстырады. Дәрігерлер үшін бұл іс-шара халықаралық деңгейдегі жетекші спикерлермен тікелей пікір алмасып, кәсіби құзыреттерін кеңейтуге бірегей мүмкіндік болмақ.

Қатысушыларды тіркеу– 5 желтоқсан, сағ 08:00 - 08:45.

Конференцияның басталуы – сағ 09:00.

Өтетін орны: Астана қ., Wyndham Garden Astana, Хусейн бен Талал даңғылы, 25. Астанада акушерлік және гинекологиядағы инновациялар бойынша халықаралық конференция өтеді.

Тізімге оралу
© 2022, Астана медицина университеті
Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 49а
тел.: +7 (7172) 53 94 47; +7 700 153 94 47
Яндекс.Метрика