АМУ студенттері гистология бойынша жоғары білімдерін көрсетті

АМУ студенттері гистология бойынша жоғары білімдерін көрсетті

АМУ студенттері гистология  бойынша жоғары білімдерін көрсетті

Гистология және цитология кафедрасында «Гистология бойынша теориялық білімдері және практикалық дағдылары» атты пәндік олимпиада өтті. Байқауға «Медицина» және «Педиатрия» мектептерінің 2-курс студенттері қатысты.

2015 жылдан бері өткізіліп келе жатқан олимпиадаға қызығушылық жыл сайын артып келеді – студенттердің сайысқа деген ынтасы жоғары. Биыл 77 студент өтінім беріп, өздерінің жоғары дайындық деңгейін және пәнді терең меңгеруге деген ұмтылысын көрсетті.

Шараның басты мақсаты – үздіктерді анықтау ғана емес, сонымен қатар студенттердің танымдық белсенділігін арттыру, практикалық дағдыларын дамыту және болашақ мамандықты меңгеруде шығармашылық көзқарасты қалыптастыру.

Студенттердің жұмысын кафедраның профессорлары мен доценттерінен құралған білікті қазылар алқасы бағалады.

Іріктеу кезеңдерінің нәтижесінде 21 қатысушы финалға өтті. Олардың ішінде 11 студент дипломмен марапатталса, тағы 10 студент мақтау қағазына ие болды. Олар өз топтастарына үлгі боларлық нәтижелер көрсетті.

Олимпиада ғылымға қызығушылық, еңбексүйгіштік және кәсіби өсуге деген ұмтылыс – болашақ дәрігерлердің табысының маңызды құрамдастары екенін тағы бір мәрте дәлелдеді.

Тізімге оралу
© 2022, Астана медицина университеті
Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 49а
тел.: +7 (7172) 53 94 47; +7 700 153 94 47
Яндекс.Метрика