Магистранттар конкурсы: Шэньчжэндегі Health Medical Big Data жазғы мектебі

Магистранттар конкурсы: Шэньчжэндегі Health Medical Big Data жазғы мектебі

 Магистранттар конкурсы: Шэньчжэндегі Health Medical Big Data жазғы мектебі

Sun Yat-sen университетінің (Shenzhen campus) Қоғамдық денсаулық сақтау мектебі ұйымдастырып отырған халықаралық жазғы мектепке «Қоғамдық денсаулық сақтау» білім беру бағдарламасының магистранттары қатысуға шақырылады. Жобаға Копенгаген университеті, Медицина университеті және басқа да ғылыми мекемелердің оқытушылары қатысады.

Қатысушылар саны: «Қоғамдық денсаулық сақтау» ОП бойынша 2 магистрант

Өткізілу мерзімі: 2026 жылғы шілде – тамыз

Өтетін орны: Қоғамдық денсаулық сақтау мектебі, Шэньчжэнь, Қытай

Ұйымдастырушылар: Sun Yat-sen университеті, ҚХР Білім министрлігі және SYSU

кейінгі білім беру бағдарламасының қолдауымен

Бағдарлама тілі: Ағылшын

 

Қаржыландыру:

- Оқу ақысы қабылдаушы тарап есебінен төленеді

- Chinese Government Scholarship (CGS) стипендиясына өтініш беру мүмкіндігі

- Ұшақ билеттерін қаржыландыру – «Астана Медицина Университеті» КЕАҚ тарапынан

- Қалған шығындар (тамақ, тұру, жергілікті көлік, виза алымдары) – қатысушы есебінен

 

Қатысу талаптары:

- «Қоғамдық денсаулық сақтау» ОП магистранттары

- Қазақстан Республикасының азаматтары

- GPA 3.2 және одан жоғары (қайта өтініш берушілер үшін – кемінде 3.6)

- Академиялық қарызы мен тәртіптік жазасы болмауы

- Ағылшын тілі деңгейі: B2 / IELTS 6.5

- Олимпиадалар мен конференцияларда жүлделі орын алғандар артықшылыққа ие

 

Қажетті құжаттар (ағылшын тілінде):

1.                Резюме (CV)

2.                Декан қол қойған өтініш

3.                Қол қойылған мотивациялық хат

4.                Қол қойылған ұсыныс хаты

5.                3x4 фотосурет – 2 дана

6.                Шетелдік паспорт көшірмесі

7.                Бүкіл оқу кезеңі бойынша академиялық транскрипт (бакалавриат, интернатура, резидентура, магистратура

8.                Ағылшын тілін меңгеру деңгейі кемінде B2 болуы тиіс, бұл халықаралық сертификаттармен расталады (IELTS – 6.5) немесе білім беру ұйымы берген B2 сертификаты / ағылшын тілін меңгеру деңгейін растайтын куәлік

 

Шығындар:
- Шэньчжэньдегі тұру құны күніне шамамен 22 000 теңге
- Шығындар: тұру + тамақ + жергілікті және халықаралық сапарлар
- CGS стипендиясы (шамамен 290 165,97 теңге) бұл шығындарды ішінара өтейді

 

Курс мазмұны, кестесі және өтініш беру үдерісі туралы толық ақпарат келесі ресми сайтта қолжетімді: https://phssummercamp.com/

 

 

КОНКУРСҚА ҚАТЫСУҒА ӨТІНІМДЕР ҚАБЫЛДАНАДЫ

Халықаралық ынтымақтастық бөлімінде

 

Құжаттарды қабылдау мерзімі: 2025 жылғы 12 желтоқсанға дейін.

 

Ұйымдастырушы: Халықаралық ынтымақтастық орталығы

Бейбітшілік көшесі, 49А, бас корпус, 414-кабинет

Кеңес беру және құжаттарды тапсыру уақыты: 16:00-17:00

Конкурстың өткізілу күні: қосымша хабарланады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тізімге оралу
© 2022, Астана медицина университеті
Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 49а
тел.: +7 (7172) 53 94 47; +7 700 153 94 47
Яндекс.Метрика