АстМУ халықаралық платформада: тұрақты денсаулық сақтаудың болашағын әртүрлі елдердің сарапшылары талқылады

АстМУ халықаралық платформада: тұрақты денсаулық сақтаудың болашағын әртүрлі елдердің сарапшылары талқылады

АстМУ халықаралық платформада: тұрақты денсаулық сақтаудың болашағын әртүрлі елдердің сарапшылары талқылады
4-5 желтоқсан аралығында Астана медицина университетінің қызметкерлері Назарбаев Университетінің Планетарлық денсаулық және экологиялық тұрғыдан тұрақты денсаулық сақтау жөніндегі алғашқы халықаралық конференциясына қатысты.

Іс-шара халықтың денсаулығы мен денсаулық сақтау жүйесінің дамуына әсер ететін жаһандық сын-қатерлерді талқылау үшін медицина, экология және денсаулық сақтау саласындағы жетекші мамандарды, мемлекеттік органдар мен білім алушыларды жинады.

Қатысушылар климаттың өзгеруінің, урбанизацияның және қоршаған ортаның ластануының адам денсаулығына әсеріне ерекше назар аударды. Бұл жағдайда білім беру және ғылыми мекемелер мамандарды даярлаудың, инновацияларды енгізудің және пәнаралық зерттеулерді дамытудың жаңа тәсілдерін қалыптастыруда маңызды рөл атқарады.

Медициналық университеттер үшін мұндай конференцияларға қатысу тек тәжірибе алмасу үшін ғана емес, сонымен қатар оқу бағдарламаларын бейімдеу, экологиялық бағдарланған тәжірибелерді енгізу және "планета денсаулығы – адам денсаулығы" тұжырымдамасын ілгерілету үшін де маңызды.

Университет қызметкерлері конференция алдағы жұмыста қолданылатын жаңа идеялар мен тәжірибелердің қайнар көзіне айналғанын атап өтті. Алынған тәжірибе АстМУ-не тұрақты даму мен планетарлық денсаулыққа байланысты бағыттарды нығайтуға және денсаулық сақтаудың заманауи сын-қатерлерін шешуге қабілетті мамандарды даярлауға мүмкіндік береді.
Тізімге оралу
© 2022, Астана медицина университеті
Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 49а
тел.: +7 (7172) 53 94 47; +7 700 153 94 47
Яндекс.Метрика