Профессор Амин Тамадонмен Воркшопты

Профессор Амин Тамадонмен Воркшопты

Профессор  Амин Тамадонмен Воркшопты

«Астана медицина университеті» КеАҚ профессор-оқытушылар құрамын, магистранттар мен докторанттарды биологиялық ғылымдар саласындағы толық профессор Prof. Dr. Amin Tamadon жетекшілігімен өтетін бес күндік интенсивті воркшопқа қатысуға шақырады.

Воркшоп қатысушылардың дайын ғылыми мақалаларын терең пысықтауға бағытталған. Профессор Тамадон қолжазбалардың құрылымын жетілдіру, әдіснама мен статистикалық бөлімді жақсарту, сондай-ақ мақалаларды халықаралық журналдарға ұсынуға дайындау бойынша қолдау көрсетеді.

Форматы: интенсивті

Өтетін күні: 22–26 желтоқсан 2025 жыл

Оқыту тілі: ағылшын

Мақсатты аудитория: дайын ғылыми мақалалары бар НАО «Астана медицина университеті» магистранттары мен докторанттары

Өтетін орны: Бейбітшілік көшесі, 49а

22 – 25.12.2025 (дүйсенбі–бейсенбі) – Бейбітшілік көшесі, 49а, 401-аудитория

26.12.2025 (жұма) – Симуляциялық орталық, 5-қабат, үлкен зал

Воркшоптың бес күндік бағдарламасы

1-күн — Жүйелі шолу және мета-талдаудың негіздері

1.     Narrative, systematic review, meta-analysis және umbrella review айырмашылықтары

2.     Зерттеу сұрағын қалыптастыру (PICO)

3.     Протоколдар және тіркеу (PROSPERO, OSF)

4.     Іздеу стратегиялары (PubMed, Scopus, Web of Science)

5.     Мақалаларды іріктеу және деректерді алу

6.     Практика: іздеу стратегиясын құру, PubMed-та демонстрация

2-күн — Мета-талдауды жүргізу

1.     Effect size көрсеткіштері (MD, SMD, RR, OR)

2.     Fixed және Random effects модельдері

3.     Funnel plot, Egger’s test

4.     Мета-талдаудың толық процесін көрсету

5.     PRISMA 2020

6.     Деректер жиынтығымен практикалық жұмыс

3-күн — Umbrella review және дәлелдемелер синтезі

1.     Umbrella review қашан қажет

2.     AMSTAR 2, GRADE / дәлелдемелердің сенімділігі

3.     Мета-талдауларды салыстыру, қайшы нәтижелермен жұмыс

4.     Практика: narrative summary, дәлелдемелер кестелері

4-күн — Жетілдірілген әдістер және заманауи құралдар

1.     Мета-регрессия, prediction intervals, trim-and-fill

2.     Шолуларды автоматтандыруға арналған AI-құралдар

3.     Bias қаупін бағалау (ROB2, ROBINS-I, SYRCLE)

4.     Практикум: mock meta-analysis немесе umbrella review құрылымы

5-күнҚолжазбаны дайындау және қорытынды жоба

1.     Ғылыми мақала жазу ережелері

2.     Журнал таңдау (Scopus квартильдері), мақала тапсыру және рецензенттерге жауап беру

3.     ICMJE авторлығы, ашықтық және этика

4. Қорытынды жоба (протокол / мета-талдау жоспары / umbrella review жоспары).


Тізімге оралу
© 2022, Астана медицина университеті
Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 49а
тел.: +7 (7172) 53 94 47; +7 700 153 94 47
Яндекс.Метрика