Астана медицина университетінің командасы Мәскеу қаласындағы Сеченов университетінің базасында өткен наукометрия, статистика, бағдарламалау және инфекциялық аурулар бойынша Халықаралық олимпиадада табысты өнер көрсетті.
Команда құрамына «Терапия», «Хирургия» және «Жалпы медицина» білім беру бағыттары бойынша білім алатын бес интерн мен студент енді. Қатысушылар теориялық дайындықтың жоғары деңгейін, аналитикалық ойлау қабілетін және практикалық дағдыларын көрсетіп, университеттің халықаралық ғылыми-білім беру алаңындағы беделін лайықты түрде таныта білді.
Олимпиада бағдарламасы капитандар байқауын, ғылыми кейстерді қорғауды, сондай-ақ баяндамашы, оппонент және рецензент форматындағы рөлдік қойылымдарды қамтыды. Байқау қорытындысы бойынша Астана медицина университетінің өкілдері бірқатар беделді номинациялар бойынша марапатталды.
Атап айтқанда, Аружан Мендыбаева көшбасшылық қабілеттері мен 615 пациенттің медициналық деректерін бағдарламалау және ML-талдау бойынша тапсырмада ең үздік нәтижені көрсеткені үшін «Үздік капитан» номинациясы бойынша дипломмен марапатталды.
Мадина Бурумбаева клиникалық ұсынымдарға негізделген нақты дәлелдер келтіріп, клиникалық ойлау қабілетінің жоғары деңгейін көрсеткені үшін «Үздік оппонент» номинациясы бойынша диплом иегері атанды.
Гулжазира Мирзамуратова (баяндамашы) мен Санак Торгын (рецензент) ғылыми жұмыстарды ұсыну мен талдауда жүйелі әрі кәсіби тәсіл көрсетті.
Заида Абжанова медицинеде жасанды интеллектті қолдану және case report дайындау саласында терең құзыреттілік танытты.
Команданың ғылыми деңгейінің қосымша дәлелі ретінде ағылшын тілінде дайындалған үш жұмыс РИНЦ дерекқорында индекстелетін журналдарда жариялауға іріктелді:
Torgyn Sanak - Morphology and Oncology секциясы
Mirzamuratova Gulzhazira - Morphology and Ophthalmology секциясы
Mendybayeva Aruzhan - Molecular Medicine секциясы.
Астана медицина университеті командасының өнер көрсетуі қазылар алқасы мен форум сарапшылары тарапынан жоғары бағаланып, университет білім алушыларының ғылыми, аналитикалық және практикалық бағыттардағы бәсекеге қабілеттілігін тағы бір мәрте дәлелдеді.
Астана медицина университеті студенттер мен олардың ғылыми жетекшілерін лайықты нәтижелерімен құттықтап, университетті халықаралық деңгейде абыроймен таныстырғандары үшін алғыс білдіреді.
Сондай-ақ ғылыми жетекшілер - Сагиндикова Гульмира Елеусиновна (патологиялық анатомия кафедрасы) және Туребаева Гульсимжан Орынбасаровна (инфекциялық аурулар және фтизиатрия кафедрасы) — кәсіби жетекшілігі, қолдауы және команданың табысына қосқан елеулі үлесі үшін ерекше алғысқа ие болды.