ORPHEUS 2026 — халықаралық конференция, нетворкинг және медицина саласындағы PhD докторанттарына арналған гранттар

ORPHEUS 2026 — халықаралық конференция, нетворкинг және медицина саласындағы PhD докторанттарына арналған гранттар

ORPHEUS 2026 — халықаралық конференция, нетворкинг және медицина саласындағы PhD докторанттарына арналған гранттар

2026 жылғы 26–28 мамыр күндері Венгрияның Будапешт қаласында Семмельвейс Университетінің (Semmelweis University) Негізгі медициналық ғылымдар орталығы базасында ORPHEUS 2026 халықаралық конференциясы өтеді.

ORPHEUS (Organization for PhD Education in Biomedicine and Health Sciences) — бұл биомедицина және медициналық ғылымдар саласындағы докторанттық (PhD) білім беруді дамыту мен стандарттауға бағытталған университеттер мен сарапшыларды біріктіретін халықаралық ассоциация. ORPHEUS жыл сайын өткізілетін конференциясы — медицина саласындағы ғылыми кадрларды даярлаудың сапасын талқылауға арналған негізгі еуропалық алаңдардың бірі.

   Конференция тақырыбы:

«Тұрақты желілерді құру арқылы аралас пәндік серіктестіктер — докторантура білімінің сапасын арттыру кілті»

   Конференцияның мақсаты:

Биомедицина және медициналық ғылымдар саласындағы докторанттық бағдарламалардың сапасын, тұрақтылығын және бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етудің заманауи тәсілдерін талқылау, сондай-ақ халықаралық және аралас пәндік академиялық ынтымақтастықты дамыту.

   Негізгі мерзімдер:

·     2026 жылғы 15 наурыз — Early Bird тарифі бойынша тіркелу

      2026 жылғы 22 наурыз — тезистерді қабылдау соңғы мерзімі

   Тезистер ауызша және постерлік сессияларға қатысу үшін, сондай-ақ докторанттар (PhD) үшін ORPHEUS стипендиясына қатысу үшін қабылданады.

   Конференция бағдарламасында:

·     Халықаралық сарапшылардың пленарлық дәрістері

·     Ауызша баяндамалар және постерлік сессиялар (тезистерді іріктеу нәтижесінде)

·     Интерактивті тақырыптық семинарлар мен воркшоптар

·     Ғылыми жетекшілік, PhD бағдарламаларын бағалау, әмбебап дағдыларды (transferable skills) дамыту және докторанттарға институционалдық қолдау мәселелеріне арналған пікірталастар

   Негізгі тақырыптық бағыттар:

·     PhD білім берудің тұрақтылығы және сапасын арттыру

·     Халықаралық және аралас пәндік докторант желілері

·     Ғылыми жетекшілік пен бағалау практикасы

·     Әмбебап дағдыларды дамыту

·     Докторанттарға институционалдық қолдау модельдері

    Қатысуға шақырылатындар:

·     Докторанттық бағдарламалардың жетекшілері мен координаторлары

·     Ғылыми жетекшілер

·     Білім сапасын қамтамасыз ету мамандары

·     Әкімшілік және академиялық персонал

·     Биомедицина және медициналық ғылымдар саласындағы докторанттар (PhD)

    Докторанттарға арналған стипендиялар (PhD)

Докторанттар үшін 500 евро көлемінде 8 стипендия қарастырылған, ол төмендегілерді жабады:

·     Жол шығындары

·     Тіркелу жарнасы

·     Тұру шығындары

Іріктеу тезистерді 2026 жылғы 22 наурызға дейін тапсыру негізінде жүргізіледі.

    Ғылыми зерттеу мақалалары қабылданбайды.

    Қабылданатын материалдар:

·     Білім беру тәжірибелері

·     PhD форумдарындағы талқылаулар

·     Сауалнамалардың нәтижелері

·     Докторант мектептеріндегі жаңа курстар мен бағдарламалар

Нетворкинг және мәдени бағдарлама

ORPHEUS 2026 барысында:

·     Құрылымдық нетворкинг-сессиялар

·     Дунай өзенінде ресми гала-кеш

Конференцияға қатысу кәсіби байланыстарды кеңейтуге, халықаралық тәжірибе алмасуға және докторантура білім беру саласында үздік тәжірибелерді енгізуге мүмкіндік береді.

Тіркелу және тезистерді тапсыру

Конференция туралы толық ақпарат, тіркелу және тезистерді тапсыру ресми бетте қолжетімді:
semmelweispremium.hu/orpheus2026

 

Байланыс ақпараты

Қосымша сұрақтар бойынша хабарласуға болады:
Астана қаласы, Бейбітшілік к-сі, 49а, 4-қабат, 405 кабинет
Қабылдау уақыты: 16:00–17:00
Телефон: 53-94-72

Жауапты тұлға: Тулеубаева Алина Жаннатовна

 

 

 

 

 

 

 

 

Тізімге оралу
© 2022, Астана медицина университеті
Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 49а
тел.: +7 (7172) 53 94 47; +7 700 153 94 47
Яндекс.Метрика