Астана медицина университеті Пәкістанның жетекші медициналық ұйымдарымен ынтымақтастық туралы келісімдерге қол қойды

Астана медицина университеті Пәкістанның жетекші медициналық ұйымдарымен ынтымақтастық туралы келісімдерге қол қойды

Астана медицина университеті Пәкістанның жетекші медициналық ұйымдарымен ынтымақтастық туралы келісімдерге қол қойды

2026 жылғы 2–4 ақпан аралығында Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Пәкістан Ислам Республикасына жасаған ресми сапары аясында қазақстандық делегация құрамында Астана медицина университетінің Басқарма төрағасы – Ректоры Анар Турмухамбетова, сондай-ақ Стратегиялық даму және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректор Аян Мысаев қатысты.

Келіссөздер қорытындысы бойынша Пәкістанның жетекші медициналық жоғары оқу орындары — University of Health Sciences Lahore және King Edward Medical University (Лахор қ.) университеттерімен өзара түсіністік туралы меморандумдарға қол қойылды. Келісімдер бірлескен білім беру бағдарламаларын іске асыруды, білім алушылар мен профессор-оқытушылар құрамының академиялық ұтқырлығын дамытуды, ғылыми зерттеулер жүргізуді және клиникалық даярлық саласында тәжірибе алмасуды көздейді.

Сонымен қатар, 2026 жылғы 4 ақпанда Қазақстан–Пәкістан бизнес-форумы аясында Астана медицина университеті мен Maroof International Hospital (Исламабад қ.) арасында Қазақстан–Пәкістан мейіргер ісі колледжін құру жөніндегі ниеттер туралы меморандумға қол қойылды.

Қол жеткізілген келісімдер заманауи білім беру және медициналық технологияларды енгізуге, ғылыми өзара іс-қимылды кеңейтуге және бәсекеге қабілетті медициналық кадрларды даярлауға бағытталған.

Пәкістанның білім беру және клиникалық ұйымдарымен әріптестікті кеңейту Қазақстан Республикасының халықаралық академиялық ынтымақтастықты дамыту бағытына сәйкес келеді және гуманитарлық әрі ғылыми-білім беру салаларындағы екіжақты қатынастарды нығайтуға ықпал етеді.

Астана медицина университеті қол қойылған келісімдерді ұзақ мерзімді бірлескен жұмысқа, академиялық алмасуларға және жаңа білім беру мен ғылыми жобаларды іске асыруға негіз ретінде қарастырады.

 

Тізімге оралу
© 2022, Астана медицина университеті
Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 49а
тел.: +7 (7172) 53 94 47; +7 700 153 94 47
Яндекс.Метрика