Академик Е. Д. Даленов атындағы Профилактикалық медицина ғылыми-зерттеу институтының Саламатты өмір салты орталығы Астана медицина университеті жанында Сарыарқа ауданындағы Белсенді ұзақ өмір сүру орталығында «Онкологиялық аурулардың алдын алу: тамақтанудың рөлі мен маңызы» тақырыбында семинар-тренинг өткізді.
Кездесу барысында мамандар онкологиялық аурулардың даму тәуекел факторларын, сондай-ақ күнделікті тамақтану рационының қабыну үдерістеріне, зат алмасуға және ағзаның жалпы жағдайына әсерін талқылады. Қатысушылар қандай тағамдық әдеттердің қауіп деңгейін арттыратынын және қайсысы ағзаны қорғауға ықпал ететінін білді.
Практикалық ұсынымдарға ерекше назар аударылды: дұрыс тамақтану тәрелкесін қалыптастыру, қант пен өңделген өнімдерді тұтынуды азайту, рациондағы тағамдық талшықтар мен антиоксиданттардың үлесін арттыру, сондай-ақ дене салмағын бақылау мәселелері кеңінен түсіндірілді.
«Аурудың алдын алу дәрігердің кабинетінде емес, асүйде — әрбір тамақтану кезінде және саналы таңдаудан басталады», — деп атап өтті семинар ұйымдастырушысы, академик Е. Д. Даленов атындағы Профилактикалық медицина ҒЗИ СӨС орталығының жетекші ғылыми қызметкері Жанна Нұрберген.
Салауатты өмір салты орталығы барлық қатысушыларға белсенділік танытып, сұрақтар қойып, денсаулықты сақтауға деген қызығушылық білдіргені үшін алғыс білдіреді