Астана медицина университеті босатылған мемлекеттік білім беру гранттарын тағайындау конкурсына қатысу үшін өтінім қабылдау басталды. Бұл ақылы негізде білім алып жатқан білім алушыларға мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен оқуға ауысуға мүмкіндік береді.
Конкурсқа қатысу үшін босатылған мемлекеттік білім беру грантына ауысу туралы өтінішті тапсырып, жеке куәліктің көшірмесін қоса беру қажет. Құжаттар Астана қаласы, Абай даңғылы, 47 мекенжайы бойынша орналасқан Білім алушылар мен қызметкерлерге қызмет көрсету орталығының 415-кабинетіне қабылданады.
Жергілікті атқарушы органдардың және (немесе) өзге де ұйымдардың қаражаты есебінен ақылы негізде білім алып жатқан білім алушылар да конкурсқа қатыса алады. Міндетті шарт – оқуды қаржыландыратын тараптың босатылған мемлекеттік білім беру гранттарын тағайындау конкурсына қатысуға келісім бергені туралы келісім хатының болуы.