Рамазан айында денсаулық сақтай отырып ораза ұстау кеңестері

Рамазан айында денсаулық сақтай отырып ораза ұстау кеңестері

Рамазан айында денсаулық сақтай отырып ораза ұстау кеңестері
Астана медицина университетінің профилактикалық медицина саласындағы академик Е.Д. Даленов атындағы Ғылыми-зерттеу институтының жетекші ғылыми қызметкері, дәрігер-диетолог Жанна Нурберген Рамазан айында дұрыс тамақтану қағидалары туралы айтты.
 
Маманның айтуынша, ораза сақтау ағзаның ішкі ресурстарын белсендіріп, май қорының азаюына және жиналған токсиндердің шығарылуына ықпал етеді. Ифтар (ашар) мен сухур (таңғы ас) кезінде дұрыс тамақтану иммунитетті нығайтып, ас қорыту жүйесінің толық демалуына жағдай жасайды.
 
Суға ерекше мән беру қажет: күн батқаннан таңғы шапағатына дейін әр сағат сайын аз-аздан 2–2,5 литр таза су ішу ұсынылады. Оразаны ашар алдында суды және құрма жемісін пайдалану тиімді, ал ыстық тамаққа дейін асқазан мен ішектің қызметін жақсарту үшін салат жеу пайдалы.
 
Жанна Нурберген ақуызға бай өнімдерді — ет, балық, бұршақ, жасымық, жұмыртқа  сондай-ақ пайдалы майларды: рафинацияланбаған өсімдік майларын, сары май мен жануар майларын тұтынуды ұсынады. Күрделі көмірсуларға — бүтін дәнді нан, көкөністер, дәнді дақылдар — басымдық беру қажет.
 
Нитрит тұзымен (шұжықтар) өңделген өнімдер, тәттілер, кондитерлік өнімдер, жоғары сортты ұннан жасалған тағамдар, энергетикалық және тәтті сусындар, кетчуп, майонез және әртүрлі соустарды тұтыну ұсынылмайды.
 
Маңызды ескерту: ораза барлық адамдарға жарамайды. Денсаулығына байланысты мәселелері бар адамдар үшін ораза ұстау қолайсыз болуы мүмкін, сондықтан міндетті түрде дәрігермен кеңесу қажет.
 
Баршаңызды қасиетті Рамазан айымен құттықтаймыз және мықты денсаулық тілейміз!
Тізімге оралу
© 2022, Астана медицина университеті
Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 49а
тел.: +7 (7172) 53 94 47; +7 700 153 94 47
Яндекс.Метрика