Әзербайжан медициналық университетінің резиденті Астана медицина университетінде тағылымдамадан өтті

Әзербайжан медициналық университетінің резиденті Астана медицина университетінде тағылымдамадан өтті

Әзербайжан медициналық университетінің резиденті Астана медицина университетінде тағылымдамадан өтті

Академиялық мобильділік бағдарламасы аясында Әзербайжан медициналық университетінің 2-курс резиденті Эллада Ибрагимова Астана медицина университетінде тағылымдамадан өтті.

Үш ай бойы ол офтальмология кафедрасында «Офтальмология (ересектер, балалар)» білім беру бағдарламасы бойынша оқудан өтті. Бағдарламаға теориялық дайындық пен «Astana Vision» мамандандырылған клиникасында практикалық жұмыс кіреді.

Оқу барысында Эллада Ибрагимова білім беру және клиникалық процестерге қатысты, офтальмологиялық ауруларды диагностикалау және емдеу әдістерімен танысты, сондай-ақ кафедра оқытушылары мен клиникалық жетекшілердің бақылауында практикалық дағдыларын жетілдірді. Бағдарламаны толық меңгергені үшін 26 академиялық кредит есепке алынды.

Академиялық мобильділік бағдарламасы резидентке клиникалық офтальмология саласындағы білімін тереңдетуге және практикалық тәжірибе алуға мүмкіндік берді.

Бағдарлама аяқталған соң Эллада Ибрагимова университет басшылығына және ұжымына ризашылығын білдірді:

«Астана медицина университетінің ректоры Турмухамбетова Анар Акылбековнаға, Халықаралық ынтымақтастық бөлімі координаторы Сатаева Мерей Канатовнаға, кафедра меңгерушісі Ахмедьянова Зейнет Угубаевна жетекшілігіндегі офтальмология кафедрасының ұжымына, сондай-ақ Кадралиева Эльвира Ибрагимовнаға «Astana Vision» клиникалық базасында тағылымдамадан өту мүмкіндігін бергендері үшін шын жүректен алғысымды білдіремін».

Айта кетейік, «Astana Vision» клиникасы Астана медицина университетімен белсенді ынтымақтастық жасайды, болашақ офтальмологтарға тағылымдама мен оқудан өту, практикалық тәжірибе алу мүмкіндігін ұсынады.

Академиялық мобильділік бағдарламасы медициналық университеттер арасындағы халықаралық ынтымақтастықты дамытуға, кәсіби білім алмасуға және білікті медициналық кадрларды дайындауға үлес қосады.

Тізімге оралу
© 2022, Астана медицина университеті
Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 49а
тел.: +7 (7172) 53 94 47; +7 700 153 94 47
Яндекс.Метрика