Астана медицина университеті мен Семмельвейс Университеті жаңа көкжиектерді ашуда

Астана медицина университеті мен Семмельвейс Университеті жаңа көкжиектерді ашуда

Астана медицина университеті мен Семмельвейс Университеті жаңа көкжиектерді ашуда

Астана медицина университеті жаһандық академиялық кеңістікті кеңейту жолында сенімді қадам жасауда. Университетте Еуропадағы жетекші медициналық жоғары оқу орындарының бірі - Семмельвейс Университеті (Мажарстан), сондай-ақ мажар университеттері түлектерінің ұйымы Alumni HU өкілдерімен алғашқы кездесу өтті.

Бұл іс-шара халықаралық әріптестікті дамытудағы маңызды кезеңге айналып, университеттің әлемдік білім беру және ғылыми қауымдастыққа интеграциялану жөніндегі стратегиялық бағытын растады.

Мажар делегациясының құрамында төрайым Данара Смаил және Халықаралық қатынастар дирекциясы директорының орынбасары Levente Béla Vágó болды. Астана медицина университеті атынан академиялық жұмыс жөніндегі проректор Әсем Досанова, халықаралық ынтымақтастық бөлімінің басшысы м.а. Мерей Сатаева және жетекші маман Әлішер Балтабай қатысты.

Кездесу барысында тараптар ұзақ мерзімді әрі тұрақты ынтымақтастықты дамытуға бағытталған нақты өзара іс-қимыл тетіктерін талқылады. Негізгі назар студенттер мен оқытушылардың академиялық ұтқырлығын дамытуға, бірлескен білім беру бағдарламаларын және қос диплом бағдарламаларын іске асыруға, Erasmus+ халықаралық жобаларына қатысуға, visiting professor-ларды тартуға, сондай-ақ магистранттар мен докторанттарды даярлауға шетелдік ғылыми жетекшілерді қатыстыруға аударылды.

Семмельвейс Университетінің Астана медицина университеті базасында филиалын ашу мүмкіндігі ерекше маңызға ие болды - бұл бастама өңірдегі халықаралық медициналық білім беруді дамытудың жаңа кезеңіне айналуы мүмкін.

Университеттің заманауи симуляциялық орталығымен танысу материалдық-техникалық базаның жоғары деңгейін және болашақ дәрігерлерді даярлаудағы тәжірибеге бағытталған тәсілді көрсетті.

Бұл кездесу тек дипломатиялық диалог қана емес, жаңа білім беру стандарттарын қалыптастыратын және университеттің халықаралық беделін күшейтетін стратегиялық әріптестік болып табылады. Астана медицина университеті жаһандық байланыстарын сенімді түрде дамытуды жалғастырып, әлемдік деңгейдегі мамандарды даярлауға және бірлескен ғылыми бастамаларды жүзеге асыруға жағдай жасауда.

Тізімге оралу
© 2022, Астана медицина университеті
Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 49а
тел.: +7 (7172) 53 94 47; +7 700 153 94 47
Яндекс.Метрика