11-20 наурыз 2026 ж. аралығында «Астана Медицина Университетінде» Аккредиттеу және рейтинг тәуелсіз агенттігінің (IAAR) Сыртқы сарапшылар комиссиясының визиты өтті. Бұл шара халықаралық арнайы аккредитация аясында білім беру бағдарламаларын бағалау мақсатында ұйымдастырылды.
Сыртқы сарапшылардың жұмысы үш кезеңде жүргізілді: 2026 жылғы 11–13 наурыз, 16–18 наурыз және 19–20 наурыз.
Аккредитация рәсімі аясында 47 білім беру бағдарламасы сыртқы бағалаудан өтті, олар даярлық бағыттары бойынша кластерлерге біріктірілді:
I кезең — 14 білім беру бағдарламасы,
II кезең — 19 білім беру бағдарламасы,
III кезең — 14 білім беру бағдарламасы, оның ішінде алғашқы арнайы аккредитацияға ұсынылған бағдарламалар.
Сыртқы сарапшылар комиссиясына Қазақстанның және шетелдің жетекші медициналық университеттері мен ғылыми ұйымдарының өкілдері, сондай-ақ жұмыс берушілер мен студенттердің өкілдері кірді. Әртүрлі кезеңдерде комиссия төрағалары ретінде Қазақстанның медициналық университеттерінің өкілдері қызмет атқарды.
Визит барысында сарапшылар білім беру бағдарламаларының сапасын қамтамасыз ету жүйесімен, білім беру процесінің ұйымдастырылуымен, Университеттің ғылыми және клиникалық қызметімен танысты. Комиссия мүшелері Университет басшылығымен, профессорлық-оқытушылық құраммен, студенттермен, түлектермен және жұмыс берушілермен кездесулер өткізді, сондай-ақ профильдік кафедраларға, симуляциялық орталыққа және Университеттің клиникалық базаларына барды.
Білім беру бағдарламаларын бағалау WFME, AMSE және ESG халықаралық медициналық білім сапасын қамтамасыз ету стандарттарына сәйкес жүргізілді. Бұл стандарттар медициналық кадрларды даярлаудың сапасын арттыруға және білім беру ұйымдарында ішкі сапаны қамтамасыз ету жүйесін дамытуға бағытталған.
Халықаралық аккредитация рәсімі Университеттің білім беру бағдарламаларының бәсекеге қабілеттілігін арттыруға және оның халықаралық білім беру кеңістігіндегі позицияларын нығайтуға ықпал етеді.
Университет басшылығы аккредитация рәсімін дайындау және өткізу барысында белсенді қатысқан профессорлық-оқытушылық құрамға, студенттерге, түлектерге, жұмыс берушілерге және Астана медициналық университет құрылымдық бөлімшелерінің қызметкерлеріне алғыс білдіреді!