Ойдан ғылыми жарияланымға дейін: Prof. Dr. Amin Tamadon қатысуымен ғылыми жазылым бойынша воркшоп

Ойдан ғылыми жарияланымға дейін: Prof. Dr. Amin Tamadon қатысуымен ғылыми жазылым бойынша воркшоп

Ойдан ғылыми жарияланымға дейін: Prof. Dr. Amin Tamadon қатысуымен ғылыми жазылым бойынша воркшоп

«Астана медицина университеті» КеАҚ профессор-оқытушылар құрамын, магистранттар мен докторанттарды Prof. Dr. Amin Tamadon, биологиялық ғылымдар саласының профессорының жетекшілігімен «Visiting Professor» (шақырылған профессор) бағдарламасы аясында өтетін интенсивті воркшопқа қатысуға шақырады.

Воркшоп ғылыми жазылым дағдыларын дамытуға және қатысушыларды халықаралық рецензияланатын журналдарда жарияланым жасауға дайындауға бағытталған. Оқу барысында қатысушылар академиялық жазылымның негізгі қағидаттарын, ғылыми әдебиеттерді іздеу және талдау әдістерін, сондай-ақ шолу мақаласын (narrative review) дайындау принциптерін меңгереді.

Форматы: интенсив

Өткізу мерзімі: 2026 жылғы 13–17 сәуір

Уақыты: 14:00–18:00

Оқыту тілі: ағылшын

Мақсатты аудитория: ғылыми жазылым және жарияланым белсенділігін дамытуға мүдделі «Астана медицина университеті» КеАҚ профессор-оқытушылар құрамы, магистранттар және докторанттар.

Өткізу орны: Астана қ., Бейбітшілік көшесі, 49а, 401 кабинет

 

Воркшоптың бес күндік бағдарламасы:

1-күн (13.04) – 1-сессия: Ғылыми жазылымға кіріспе

• Ғылыми мақалалардың түрлері (IMRAD құрылымы)

• Журналды таңдау (Scopus, Web of Science, Q1–Q4 квартильдері)

• Этика мәселелері (плагиат, авторлық, ЖИ қолдану)

• Практика: зерттеу тақырыбын таңдау

 

2-күн (14.04) – 2-сессия: Әдебиеттерді іздеу және дереккөздерді басқару

• Ғылыми деректер базалары: PubMed, Scopus, Web of Science

• Іздеу стратегиялары (Boolean операторлары)

• EndNote / Zotero / Mendeley бағдарламаларын пайдалану

• Практика: іздеу стратегиясын әзірлеу

 

3-күн (15.04) – 3-сессия: Ғылыми мақаланың құрылымы

• Тақырып, аннотация, түйінді сөздер

• Кіріспе жазу (ғылыми олқылыққа негізделген тәсіл — gap-based approach)

• Практика: кіріспе бөлімін дайындау

   

4-күн (16.04) – 4-сессия: Narrative review әдіснамасы

• Қолданылу саласы

• Аргументацияны құрылымдау

• Сыни синтез және сипаттамалық тәсіл

• Практика: шолу жоспарын әзірлеу

 

5-күн (17.04) – 5-сессия: Narrative review жазу және редакциялау

• Мәтіннің логикасы мен бірізділігі

• Академиялық стиль

• Жарияланым талаптары

• Практикалық тапсырма: шолу мақаласының бастапқы нұсқасын дайындау

   

Қатысу үшін 2026 жылғы 03 сәуірге дейін келесі сілтеме арқылы тіркелу қажет: https://forms.gle/hEkC4Wpv42baLPYf9

Тізімге оралу
© 2022, Астана медицина университеті
Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 49а
тел.: +7 (7172) 53 94 47; +7 700 153 94 47
Яндекс.Метрика