«Астана медицина университеті» КЕАҚ және Волга зерттеу медициналық университеті стратегиялық әріптестікті нығайтуда

«Астана медицина университеті» КЕАҚ және Волга зерттеу медициналық университеті стратегиялық әріптестікті нығайтуда

«Астана медицина университеті» КЕАҚ және Волга зерттеу медициналық университеті стратегиялық әріптестікті нығайтуда

«Астана медицина университеті» КЕАҚ халықаралық ынтымақтастықты жүйелі түрде дамытуда. Университет қабырғасында Ресей Федерациясының жетекші медициналық жоғары оқу орындарының бірі — Приволжский зерттеу медициналық университетінің (ВЗМУ) делегациясымен ресми кездесу өтті.

Аталған кездесу екі университет арасында қол қойылған ынтымақтастық туралы меморандум аясындағы өзара іс-қимылды тереңдетудің маңызды кезеңі болды және білім беру, ғылым және клиникалық тәжірибе бағыттарындағы бірлескен жобаларды іске асыруға бағытталған .

ВЗМУ делегациясының құрамында оқу жұмысы жөніндегі проректор Елена Богомолова және халықаралық ынтымақтастық басқармасының басшысы Тамара Бардинская болды. «Астана медицина университеті» КЕАҚ атынан стратегиялық даму және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректор Аян Мысаев, академиялық жұмыс жөніндегі проректор Асем Досанова, халықаралық ынтымақтастық бөлімінің басшысы міндетін атқарушы Мерей Сатаева, сондай-ақ университеттің құрылымдық бөлімше басшылары қатысты .

Кездесу барысында тараптар студенттер, профессор-оқытушылар құрамы және әкімшілік персонал арасындағы академиялық ұтқырлықты дамыту, бірлескен білім беру бағдарламаларын және қос диплом бағдарламаларын іске асыру, сондай-ақ ғылыми-зерттеу жобаларын жүзеге асыру мәселелерін талқылады. Сонымен қатар магистранттар мен резиденттерді даярлау барысында бірлескен ғылыми жетекшілік пен тағылымдамаларды ұйымдастыруға ерекше назар аударылды.

Тараптар халықаралық гранттық бағдарламалар мен бастамаларға, соның ішінде Erasmus+ және басқа да қаржыландыру тетіктеріне қатысу мүмкіндіктерін қарастырып, бірлескен конференциялар, семинарлар және ғылыми іс-шараларды тұрақты негізде өткізуге келісті.

Сапар аясында университеттің білім беру және ғылыми инфрақұрылымы таныстырылып, медициналық кадрларды даярлаудың жоғары деңгейі мен бірлескен жобаларды іске асыру әлеуеті көрсетілді.

2026–2028 жылдарға арналған ынтымақтастықтың жол картасы ерекше маңызға ие. Ол үйлестіру кеңесін құруды, академиялық ұтқырлықты дамытуды, бірлескен білім беру бағдарламаларын іске асыруды және ғылыми жарияланымдар бойынша өзара әрекеттестікті қамтиды .

Бұл кездесу тек ресми іс-шара ғана емес, тұрақты халықаралық әріптестікті қалыптастыруға бағытталған стратегиялық қадам болды. «Астана медицина университеті» КЕАҚ халықаралық байланыстарды кеңейте отырып, әлемдік деңгейдегі мамандарды даярлау және жаһандық ғылыми-білім беру кеңістігіне интеграциялану бағытында жүйелі жұмыс жүргізуде.

Тізімге оралу
© 2022, Астана медицина университеті
Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 49а
тел.: +7 (7172) 53 94 47; +7 700 153 94 47
Яндекс.Метрика