Астана медицина университеті студенттерді Қазақстан Республикасындағы Ұлттық кітап күніне арналған «#ОқуСәнді» Библиоселфи байқауына қатысуға шақырады.
Байқаудың мақсаты – жастар арасында кітап оқуға қызығушылықты арттыру, кітапхана мәдениетін дәріптеу және шығармашылық әлеуетті дамыту. Қатысушылар университет кітапханасында кітаппен немесе оқу процесінде түсірілген авторлық фото немесе бейнематериал ұсына алады.
Жұмыстарды Instagram желісіндегі жеке парақшаға жариялап, @mua_university_library парақшасын белгілеу қажет.
Өткізу мерзімі: 2026 жылғы 7–27 сәуір
Қорытынды: 29 сәуір, сағат 11:00
Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталып, грамоталар мен естелік сыйлықтармен марапатталады.
Назар аударыңыз: бір қатысушыдан бір ғана жұмыс қабылданады. Мастерлік пен креативтілік құпталады!