«Ғылым күндері – 2026» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясының жеңімпаздарын құттықтаймыз

«Ғылым күндері – 2026» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясының жеңімпаздарын құттықтаймыз

 «Ғылым күндері – 2026» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясының жеңімпаздарын құттықтаймыз

2026 жылғы 9–10 сәуір күндері Қырғыз Республикасының Бішкек қаласында И. К. Ахунбаев атындағы Қырғыз мемлекеттік медицина академиясы базасында Фатима Нұрғазиева Нұрғазиқызының туғанына 115 жыл толуына арналған «Ғылым күндері – 2026» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өтті.

Аталған конференцияға Астана медицина университеті «Ересектер онкологиясы» мамандығы бойынша 1-курс резиденттері қатысты:

  • Қуатова Наргиз Санатқызы
  • Милюков Денис Евгеньевич
  • Орынғалиев Нұрдөс Айдынұлы

Резиденттердің қатысуының негізгі мақсаты – ғылыми-зерттеу құзыреттерін дамыту, өз ғылыми жұмыстарының нәтижелерін ұсыну, сондай-ақ заманауи онкология, прецизиондық медицина және пәнаралық өзара іс-қимыл салаларында халықаралық тәжірибе алмасу болды.

Конференция барысында қатысушылар жетекші халықаралық сарапшылардың баяндамаларымен танысып, онкологиялық ауруларды диагностикалау мен емдеудің заманауи тәсілдері, инновациялық технологиялар туралы ақпарат алып, ғылыми пікірталастар мен секциялық отырыстарға белсенді қатысты.

Аталған резиденттер академиялық жетістіктері, ғылыми белсенділігі және онкология кафедрасының ғылыми-зерттеу жұмыстарына белсенді қатысуы негізінде іріктеліп алынды. Бұл олардың университетті халықаралық ғылыми алаңда лайықты таныстыруына мүмкіндік берді.

Байқау қорытындысы бойынша (Ресей Федерациясы, Жапония, Германия, Латвия, Қырғызстан, Өзбекстан, Қазақстан, Франция елдерінен қатысушылар арасында) біздің резиденттер жүлделі орынға ие болып, III дәрежелі дипломмен марапатталды.

Ғылыми жетекшілер:

  • онкология кафедрасының меңгерушісі, м.ғ.д., профессор Макишев Абай Қайырғожаұлы;
  • PhD, доцент, оқу ісі жөніндегі меңгеруші Бекишева Айжан Танірбергенқызы;
  • PhD, онкология кафедрасының ассистенті Куканова Асия Маратовна.

Астана медицина университеті ұжымы жеңімпаздарды шын жүректен құттықтайды және алдағы уақытта ғылыми және кәсіби қызметтеріне табыс тілейді!

Сондай-ақ, И. К. Ахунбаев атындағы Қырғыз мемлекеттік медицина академиясы ұжымына конференцияны жоғары деңгейде ұйымдастырғаны және халықаралық ғылыми ынтымақтастықты дамытуға қосқан үлесі үшін алғыс білдіреміз.

Тізімге оралу
© 2022, Астана медицина университеті
Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 49а
тел.: +7 (7172) 53 94 47; +7 700 153 94 47
Яндекс.Метрика