2026 жылдың 17-18 сәуірінде Шымкент қаласында «Медициналық білім беру трансформациялау: жаһандық трендтер және болашақ мамандарын даярлау» атты халықаралық ғылыми-әдістемелік конференция өтті. Іс-шараны Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы мен Республикалық оқу-әдістемелік кеңестің «Денсаулық сақтау» мамандығы бойынша кадрлар даярлау жөніндегі оқу-әдістемелік бірлестігі екінші жыл қатарынан ұйымдастырды.
Іс-шара гибридті форматта: офлайн және онлайн түрде өтті. Конференция бағдарламасы келесі секциялық отырыстарды қамтыды: «Фармация тәжірибесінің жасанды интеллект негізіндегі өзгеруі», «Болашақ дәрігердің кәсіби құзыреттілігін дамытудағы жалпы білім беру пәндерінің интеграциясы», «Симуляциялық және клиникалық оқыту: виртуалды клиникадан шынайы тәжірибеге дейін», «Медициналық білім берудегі цифрлық трансформация және AI», «Ғылым мен білімнің интеграциясы: жобаға бағытталған оқыту», «Клиникалық тәжірибе үшін базалық пәндердің пәнаралық дағдыларын қалыптастыру», «Белсенді және интеграцияланған оқыту: клиникалық ойлауды қалыптастырудың әдістемелері».
«Денсаулық сақтау» даярлық бағыты бойынша РОӘК ОӘБ төрағасының орынбасары Имашева Бағдат Сәкенқызы конференцияны салтанатты түрде аша отырып, өз сөзінде: «Денсаулық сақтау мамандарын цифрландыру мәселелері бойынша даярлауды күшейту, оның ішінде телемедицина, қашықтан қызмет көрсету, жасанды интеллект және үлкен деректерді талдау, әсіресе ауылдық жерлерде, кадрлық қамтамасыз ету жүйесін трансформациялауға және ғылымды дамытуға негіз болады. Бұл өз кезегінде тұрақты әрі тиімді денсаулық сақтау жүйесінің іргетасы болып табылады», - деп атап өтті.
Конференцияның ашылу салтанатына нейропсихология ғылымдарының докторы, профессор Түркия медицина ғылымдары университетінің денсаулық сақтау және әлеуметтік ғылымдар Еуразиялық ғылыми-зерттеу орталығының директоры Айнұр Фейзиоглу, медицина ғылымдарының докторы, профессор Ташкент мемлекеттік медицина университетінің емдеу жұмысы жөніндегі проректоры Маъриф Шәкірұлы Кәрімов қатысты.
Конференцияға Қазақстанның медициналық жоғары оқу орындарының ғалымдары мен оқытушыларымен бірлесіп Үндістан, Ресей, Өзбекстаннан сарапшылар қатысты.
Қатысушылар мен қонақтар конференцияның жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын және кеңейтілген бағдарламаны атап өтті.
Іс-шара цифрландыру дәуірінде медициналық білім беруді трансформациялаудың сын-қатерлері мен болашағын белсенді талқылау қажет екенін және кәсіби қоғамдастыққа заманауи медициналық және фармацевтикалық білім берудің алдында тұрған шешімдерді табуға мүмкіндік беретінін көрсетті.