2026 жылғы 21-22 мамырда Астана медицина университетінде Еуразиялық оториноларингологтар Ассамблеясы шеңберінде «Оториноларингологиядағы жаңа аспектілер-бас және мойын хирургиясы» атты халықаралық ғылыми – практикалық конференция өтеді. Іс-шара Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, ұлттық ғылым академиясының академигі, медицина ғылымдарының докторы, профессор, университеттің оториноларингология кафедрасының құрметті меңгерушісі Райс Қажкенұлы Төлебаевтың 85 жылдығына орайластырылды.
Форум жұмысына Қазақстан, Ресей, Өзбекстан, Әзірбайжан, Қырғызстан, Тәжікстан, Польша, Болгария және басқа елдердің жетекші ғалымдары, тәжірибешілері, медициналық жоғары оқу орындарының оқытушылары, жас мамандары, резиденттері, магистранттары мен докторанттары қатысады.
Конференция бағдарламасына пленарлық отырыстар, халықаралық сарапшылардың сөз сөйлеуі, лор органдарының ауруларын диагностикалау мен емдеудің заманауи тәсілдерін, бас және мойын хирургиясын, инновациялық технологияларды енгізуді, пәнаралық өзара іс-қимылды және жоғары технологиялық медициналық көмекті дамытуды талқылау кіреді.
21 мамырда Еуразиялық оториноларингологтар ассамблеясының сессиясы және мерейтой иегері-академик Р. К. Төлебаевқа салтанатты құрмет көрсетіледі. Негізгі ғылыми бағдарлама 22 мамырда университеттің акт залында өтеді.
Форум тәжірибе алмасу, кәсіби ынтымақтастықты нығайту және заманауи оториноларингологияны дамытудың өзекті үрдістерін талқылау үшін маңызды халықаралық алаңға айналады.
Бағдарлама қоса беріледі.