Астана медицина университетінде И.М.Сеченов атындағы Бірінші МММУ білім алушылары мен оқытушысының академиялық ұтқырлық бағдарламасы аяқталды

Астана медицина университетінде И.М.Сеченов атындағы Бірінші МММУ білім алушылары мен оқытушысының академиялық ұтқырлық бағдарламасы аяқталды

Астана медицина университетінде И.М.Сеченов атындағы Бірінші МММУ білім алушылары мен оқытушысының академиялық ұтқырлық бағдарламасы аяқталды

2026 жылғы 18–29 мамыр аралығында «Астана медицина университеті» КеАҚ базасында Ресей Федерациясы Денсаулық сақтау министрлігінің И.М.Сеченов атындағы Бірінші Мәскеу мемлекеттік медицина университетінің білім алушылары мен оқытушысының қатысуымен кіріс академиялық ұтқырлық бағдарламасы табысты жүзеге асырылды.

Бағдарлама аясында И.М.Сеченов атындағы Бірінші МММУ-дың үш білім алушысы «Мейіргер ісіндегі көшбасшылық» тақырыбы бойынша өндірістік тәжірибеден өтті. Тәжірибе мейіргерлік көмекті ұйымдастыру саласындағы кәсіби құзыреттерді жетілдіруге, көшбасшылық қасиеттерді дамытуға және мейіргерлік қызметті басқарудың заманауи тәсілдерін зерделеуге бағытталды.

Екі апта бойы бағдарлама қатысушылары университеттің клиникалық базаларының қызметімен, мейіргерлік қызметтердің жұмыс ерекшеліктерімен танысып, кафедралар мен құрылымдық бөлімшелер ұйымдастырған білім беру және тәжірибелік іс-шараларға қатысты.

Білім алушылармен бірге келген Илья Анатольевич Полещук — И.М.Сеченов атындағы Бірінші МММУ Жоғары мейіргерлік білім беру институтының Мейіргерлік қызметті басқару және әлеуметтік жұмыс кафедрасының доценті. Оның сапары профессор-оқытушылар құрамының кіріс академиялық ұтқырлығы аясында жүзеге асырылды.

Университетте болған кезеңде Илья Анатольевич білім алушылар мен оқытушыларға арналған бірқатар дәрістер мен кездесулер өткізіп, мейіргер ісіндегі көшбасшылық, мейіргерлік қызметті басқару, медицина қызметкерлерінің кәсіби құзыреттерін дамыту және жоғары мейіргерлік білім берудің заманауи үрдістері мәселелерін талқылады.

Халықаралық ынтымақтастық пен академиялық ұтқырлық «Астана медицина университеті» КеАҚ қызметінің маңызды бағыттарының бірі болып табылады. Бұл бағыттар озық тәжірибе алмасуға, білім беру сапасын арттыруға және жетекші медициналық жоғары оқу орындары арасындағы серіктестік байланыстарды нығайтуға ықпал етеді.

Аталған бағдарлама «Астана медицина университеті» КеАҚ мен И.М.Сеченов атындағы Бірінші Мәскеу мемлекеттік медицина университеті арасындағы ынтымақтастықты дамытудағы маңызды қадамдардың бірі болып, студенттер мен оқытушылар үшін жаңа академиялық және кәсіби мүмкіндіктерге жол ашты.

Тізімге оралу
© 2022, Астана медицина университеті
Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 49а
тел.: +7 (7172) 53 94 47; +7 700 153 94 47
Яндекс.Метрика