Бос мемлекеттік білім гранттарына өтініштер қабылдау ашылды

Бос мемлекеттік білім гранттарына өтініштер қабылдау ашылды

Бос мемлекеттік білім гранттарына өтініштер қабылдау ашылды

Астана медицина университетінде бос мемлекеттік білім беру гранттарын тағайындау конкурсына қатысуға өтініштер қабылдау басталды. Бұл білім алушылардың мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ақылы оқу нысанынан оқуға ауысуына мүмкіндік береді.

Конкурсқа қатысу үшін Академиялық жұмыс департаментінің деканы мен директорының қолдаухатымен бос мемлекеттік білім беру грантына ауыстыру туралы өтініш беру, сондай-ақ жеке куәліктің көшірмесін қоса беру қажет.

Құжаттарды қабылдау Астана қаласы, Абай көшесі, 47 мекенжайы бойынша Білім алушылар мен қызметкерлерге қызмет көрсету орталығының 2026 жылғы 15 маусым мен 15 шілде аралығында 415-кабинетінде жүзеге асырылады.

Жергілікті атқарушы органдардың және (немесе) өзге де ұйымдардың қаражаты есебінен ақылы негізде оқитын білім алушылар да конкурсқа қатыса алады. Оқуына ақы төлейтін тараптан бос мемлекеттік білім беру гранттарын тағайындау жөніндегі конкурсқа қатысуға рұқсатпен келісім-хаттың болуы міндетті шарт болып табылады.

Тізімге оралу
© 2022, Астана медицина университеті
Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 49а
тел.: +7 (7172) 53 94 47; +7 700 153 94 47
Яндекс.Метрика