«Жазғы мектеп – 2026»: «Күнделікті өмірдегі микробиомдар: А-дан Я-ға дейін»

«Жазғы мектеп – 2026»: «Күнделікті өмірдегі микробиомдар: А-дан Я-ға дейін»

«Жазғы мектеп – 2026»: «Күнделікті өмірдегі микробиомдар: А-дан Я-ға дейін»

«Жазғы мектеп – 2026» бағдарламасы аясында Астана медицина университетінің Ш.И.Сарбасова атындағы микробиология және вирусология кафедрасы базасында «Күнделікті өмірдегі микробиомдар: А-дан Я-ға дейін» атты қосымша білім беру курсы өткізілді.

Курсқа Ақтөбе қаласындағы «Kemel Bilim» мектеп-интернатының 10-сынып оқушысы Асылай Молдабек қатысты. Бағдарлама барысында оқушы медициналық микробиологияның негізгі бағыттарымен танысты, бактериялардың морфологиясын және қоршаған ортаға әсерін, олардың тіршілік әрекетінің ерекшеліктерін, сондай-ақ микробтардың антибиотиктерге сезімталдығын анықтау сияқты маңызды заманауи тақырыптармен жұмыс жасады.

Кафедра оқытушылары – профессор Гулжан Асемова, аға оқытушылар және магистрлер Мадина Ботбаева, Әйкерім Сәрсенова, Эльмира Акимбекова және Гүлбану Дүйсебекованың жетекшілігімен Асылай зертханалық жұмыстарды орындау бойынша практикалық дағдыларды үйренді. Микроскопиялық зерттеу жүргізіп, микроорганизмдерді қоректік орталарға егу әдістерін меңгерді, сондай-ақ бактериялардың антибиотиктерге сезімталдығын анықтауға арналған зертханалық сынамаларды орындады. Энергетикалық сусындар мен фастфудтың микробиомға әсері туралы тақырыптар бойынша әдебиеттерге шолу жасады.

Теориялық білім мен практикалық дағдыларды ұштастырған бағдарлама қатысушының ғылымға деген қызығушылығын арттырып, болашақ кәсіби бағытын айқындауға мүмкіндік берді.

Тізімге оралу
© 2022, Астана медицина университеті
Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 49а
тел.: +7 (7172) 53 94 47; +7 700 153 94 47
Яндекс.Метрика