Профилактикалық медицина – салауатты ұзақ өмір сүрудің негізі: Астанада халықаралық конференция өтеді

Профилактикалық медицина – салауатты ұзақ өмір сүрудің негізі: Астанада халықаралық конференция өтеді

Профилактикалық медицина – салауатты ұзақ өмір сүрудің негізі: Астанада халықаралық конференция өтеді

2026 жылғы 11 қыркүйекте Астана медицина университетінде көрнекті ғалым, академик Ерболат Дербісалиевич Даленовтың 80 жылдығына арналған «Профилактикалық медицина – сапалы әрі салауатты ұзақ өмір сүрудің векторы: Конференция 2026» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтеді.

Конференция халық денсаулығын сақтаудың заманауи тәсілдерін, профилактикалық медицинаны дамытудың өзекті бағыттарын және салауатты ұзақ өмір сүру мәдениетін қалыптастыру мәселелерін талқылау мақсатында жетекші сарапшыларды, профессор-оқытушылар құрамын, жас ғалымдар мен білім алушыларды біріктіретін кәсіби пікірталас алаңына айналады.

Конференция барысында қоғамдық денсаулық сақтау, қауіп факторларын басқару, заманауи профилактикалық технологиялар, сондай-ақ өмір сүру ұзақтығын арттырумен қатар оның сапасын сақтауға бағытталған ғылыми тәсілдер басты назарда болады.

Конференция бағдарламасында:

«Профилактикалық медицинаны дамыту: сын-қатерлер мен мүмкіндіктер» тақырыбындағы пленарлық отырыс;

«Ұзақ өмір сүру: профилактикалық медицинаның заманауи тәсілдері» тақырыбындағы панельдік сессия;

«Профилактикалық медицина: шекарасыз сараптамалық көзқарас» тақырыбындағы панельдік сессия;

«Профилактика: салауатты ұзақ өмір сүру үшін қауіп факторларын басқару» тақырыбындағы панельдік сессия;

сарапшылармен ашық диалог;

практикалық шеберлік сабақтары;

профилактикалық өнімдер мен медициналық бұйымдар көрмесі.

Бағдарламаның жеке бөлігін 2026 жылғы 10 қыркүйекте академик Е.Д.Даленов атындағы Профилактикалық медицина ғылыми-зерттеу институтының базасында басталатын практикалық шеберлік сабақтары құрайды. Қатысушылар жасанды интеллект, рефлексотерапия, нутрициология және спорттық тамақтану бағыттарындағы кәсіби құзыреттерін жетілдіре алады.

Шеберлік сабақтары:

«Білім беру мен ғылымдағы жасанды интеллект: промпттан ғылыми мақалаға дейін» – 4 сағат, қатысу тегін.

«Рефлексотерапиядағы ең тиімді техникалар» – 6 сағат, қатысу құны – 10 200 теңге.

«Заманауи нутрициология: микробиота, өнім сапасы және ББҚ-ны ұтымды таңдау» – 6 сағат, қатысу құны – 10 200 теңге.

«Дәлелді медицина тұрғысынан спорттық тамақтану: тиімділігі, қауіпсіздігі және практикалық қолданылуы» – 8 сағат, қатысу құны – 13 600 теңге.

«Рационды қалай дұрыс құрастыруға болады: КБЖУ есептеу алгоритмі және мамандардың практикалық қателері» – 8 сағат, қатысу құны – 13 600 теңге.

Конференция офлайн және онлайн форматта өтеді. Жұмыс тілдері – қазақ, орыс және ағылшын тілдері.

Конференцияға қатысу тегін. Қатысушыларды тіркеу 11 қыркүйекте сағат 08:30-да басталады. Іс-шара қорытындысы бойынша қатысушыларға сертификаттар беріледі.

Баяндамашыларға арналған ақпарат

Баяндамалардың презентацияларын .ppt немесе .pptx форматында 2026 жылғы 21 тамызға дейін aktanova.a@amu.kz электрондық поштасына жіберу қажет.

Файл атауы мына форматқа сәйкес болуы тиіс: баяндамашының тегі және аты-жөнінің бас әріптері.

Өткізу орны

Шеберлік сабақтары – 2026 жылғы 10 қыркүйек:

Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі, 49, 2-қабат, академик Е.Д.Даленов атындағы Профилактикалық медицина ғылыми-зерттеу институты.

Конференция – 2026 жылғы 11 қыркүйек:

Астана медицина университеті, Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі, 49А.

Ұйымдастырушылармен байланыс

Жұмыс телефоны: 8 (7172) 57-78-96, ішкі 311

Ұялы телефон: 8 705 107 30 70 – Анар Сырымжановна

E-mail: aktanova.a@amu.kz

Медицина және денсаулық сақтау саласының мамандарын, ғалымдарды, оқытушыларды, жас зерттеушілер мен білім алушыларды профилактикалық медицинаның болашағы және сапалы әрі салауатты ұзақ өмір сүруге қол жеткізу мүмкіндіктері туралы кәсіби диалогқа қатысуға шақырамыз.

Тізімге оралу
© 2022, Астана медицина университеті
Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 49а
тел.: +7 (7172) 53 94 47; +7 700 153 94 47
Яндекс.Метрика