Астана медицина университетінің Қоғамдық денсаулық сақтау және менеджмент мектебі академик Ерболат Дербісәліұлы Даленов атындағы атаулы шәкіртақыны тағайындау бойынша конкурс жариялайды.
Конкурсқа «Қоғамдық денсаулық сақтау» және «Медициналық-профилактикалық іс» білім беру бағдарламаларының 3-курсқа көшкен, ақылы негізде білім алатын студенттері қатыса алады.
Шәкіртақы саны шектеулі - барлығы 2 орын.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар
Конкурсқа үлгерімінің орташа балы (GPA) 3,0-ден төмен емес үміткерлер жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі: 2026 жылғы 8-15 тамыз аралығы.
Қажетті құжаттар тізімі:
жеке куәліктің көшірмесі;
үміткердің сауалнамасы;
үміткердің өтініші;
транскрипт;
дипломдар мен сертификаттардың бар екенін растайтын құжаттар, сондай-ақ жеңілдікті санатқа жататынын растайтын құжаттар (бар болса).
Барлық құжаттарды tauekel.a@amu.kz электрондық поштасына жіберу қажет.
Қосымша ақпарат алу үшін:
Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі, 49А, 3-қабат, 311-кабинет.
Телефон: 53-94-59