24 тамыз күні Астана медицина университетіне Чжэцзян университетінің Медицина мектебімен аффилирленген Sir Run Run Shaw Hospital (SRRSH) делегациясы, сондай-ақ медициналық жабдықтардың әлемдегі жетекші өндірушілерінің бірі – қытайлық Mindray компаниясының өкілдері келді.
Сапар медициналық білім беру, ғылым және клиникалық практика салаларында Қазақстан мен Қытайдың сараптамалық әлеуетін біріктіру және халықаралық ынтымақтастықтың жаңа мүмкіндіктерін талқылау үшін маңызды алаңға айналды.
Кездесу барысында тараптар медициналық білім беру, ғылыми зерттеулер мен инновациялар, академиялық ұтқырлық, мамандарды клиникалық даярлау және озық кәсіби тәжірибе алмасуды қоса алғанда, ынтымақтастықтың перспективалы бағыттарын талқылады. Хирургия саласындағы ынтымақтастық мүмкіндіктеріне және заманауи медициналық технологияларды білім беру мен клиникалық процестерге енгізуге ерекше назар аударылды.
Шетелдік делегацияның ерекше қызығушылығын Астана медицина университетінің Симуляциялық орталығы тудырды. Қонақтарға орталықтың инфрақұрылымы, техникалық мүмкіндіктері және медициналық кадрларды практикалық бағытта даярлаудың заманауи тәсілдері таныстырылды. Тараптар білім беру сапасын арттыру және болашақ мамандардың клиникалық құзыреттерін дамыту мақсатында симуляциялық технологияларды пайдалану әлеуетін талқылады.
Сапардың қорытындысы бойынша Астана медицина университеті мен Sir Run Run Shaw Hospital арасында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды.
Аталған құжат ұзақ мерзімді әріптестікті қалыптастыруға және бірлескен білім беру, ғылыми және клиникалық бастамаларды іске асыруға негіз қалайды. Перспективалы бағыттардың қатарында мамандармен және кәсіби тәжірибемен алмасу, академиялық ұтқырлықты дамыту, медициналық ғылым мен клиникалық даярлау саласындағы бірлескен жұмыс, сондай-ақ заманауи медициналық технологиялар мен практикалар алмасу бар.
Қытайдың жетекші университеттерінің бірінің экожүйесіне кіретін Sir Run Run Shaw Hospital-мен ынтымақтастық Астана медицина университетіне халықаралық байланыстарды кеңейтуге және шетелдік озық тәжірибені білім беру және клиникалық қызметке интеграциялауға жаңа мүмкіндіктер ашады.
«Астана медицина университеті үшін халықаралық әріптестікті дамыту – ең алдымен, студенттерімізге, резиденттерімізге, оқытушыларымыз бен дәрігерлерімізге жаңа білім беру және ғылыми мүмкіндіктер қалыптастыру мүмкіндігі. Қытайдың жетекші медициналық ұйымдарымен және технологиялық компанияларымен ынтымақтастық кәсіби байланыстарды нығайтуға, академиялық алмасуды кеңейтуге және медициналық мамандарды даярлаудың заманауи тәсілдерін бірлесіп дамытуға мүмкіндік береді», – деп атап өтті стратегиялық даму және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректор Аян Мысаев.
Кездесу университеттің Қытай Халық Республикасының жетекші медициналық және технологиялық ұйымдарымен халықаралық ынтымақтастығын нығайту жолындағы кезекті қадам болып, жаңа бірлескен жобаларды іске асыруға, кәсіби тәжірибе алмасуға және медицина саласындағы инновацияларды дамытуға негіз қалады.
Астана медицина университеті жаңа буын мамандарын даярлау және заманауи медицинаны дамыту мақсатында білім беру, ғылыми және клиникалық құзыреттерді біріктіре отырып, халықаралық әріптестікті одан әрі кеңейтуді жалғастыруда.