Тыныс алу медицинасындағы интервенциялық технологиялар: диагностика мен емдеудің заманауи тәсілдері

Тыныс алу медицинасындағы интервенциялық технологиялар: диагностика мен емдеудің заманауи тәсілдері

Тыныс алу медицинасындағы интервенциялық технологиялар: диагностика мен емдеудің заманауи тәсілдері

2026 жылғы 31 тамыз – 2 қыркүйек аралығында Медициналық университет Астанада тыныс алу медицинасындағы заманауи интервенциялық технологияларға арналған оқу курсы өтеді.

Бұл – өкпе және тыныс алу жолдары ауруларын диагностикалау мен емдеудің озық әдістері туралы жаңа білім алып қана қоймай, Қытайдың жетекші мамандарымен кәсіби тәжірибе алмасуға мүмкіндік беретін бірегей алаң.

Курс бағдарламасында

Қатысушылар интервенциялық респираторлық медицинадағы заманауи тәсілдермен, тыныс алу ағзалары ауруларын диагностикалау мен емдеудің өзекті әдістерімен танысады. Сондай-ақ озық технологияларды клиникалық тәжірибеде қолдану мүмкіндіктерін талқылайды.

Курс сарапшылары

Курс спикерлері – Гуанчжоу медициналық университетінің жетекші мамандары:

Prof. Hong Cheng

Prof. Chen Yu

Dr. Lin Jielong

Курс кімдерге пайдалы?

Қатысуға Медициналық университет Астананың профессор-оқытушылар құрамы мен ғылыми қызметкерлері, сондай-ақ:

пульмонолог дәрігерлер;

торакалдық және тамыр хирургтары;

интервенциялық кардиологтар;

эндоскопистер;

радиологтар;

кардиологтар;

НПО шеңберіндегі онкологтар шақырылады.

Өткізілетін орны: Медициналық университет Астана, Бейбітшілік көшесі, 49А

Күні: 2026 жылғы 31 тамыз – 2 қыркүйек

Тіркеліп үлгеріңіз!

Курсқа қатысу үшін міндетті түрде тіркеу формасын толтырып, алдын ала тіркелу қажет.

Тіркелу сілтемесі: https://forms.gle/8TJXSyMw6S7qYM9X7

Қатысушылар саны шектеулі. Осыған байланысты тіркеуден алдын ала өтуді ұсынамыз.

Қосымша ақпарат: +7 700 021 6818

Instagram: https://www.instagram.com/p/DcIMBrqjJEd/?igsh=d25uc3d6cmNoM3A0&igsi=d25uc3d6cmNoM3A0.

Кәсіби құзыреттеріңізді кеңейтіп, тыныс алу медицинасындағы заманауи интервенциялық технологиялармен танысу мүмкіндігін жіберіп алмаңыз!

Курс бағдарламасы қоса беріледі.

Тізімге оралу
© 2022, Астана медицина университеті
Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 49а
тел.: +7 (7172) 53 94 47; +7 700 153 94 47
Яндекс.Метрика