«Астана медицина университеті» КеАҚ профессор-оқытушылар құрамы мен білім алушыларды «Visiting Professor» бағдарламасы аясында Мейіргер ісі мектебі ұйымдастыратын семинарға қатысуға шақырады.
Семинарды профессор Mojtaba Vaismoradi — Nord University Мейіргер ісі және денсаулық ғылымдары факультетінің профессоры (Будё қ., Норвегия), Charles Sturt University адъюнкт-зерттеуші профессоры (Жаңа Оңтүстік Уэльс, Австралия) өткізеді.
Профессор Mojtaba Vaismoradi — мейіргер ісі және сапалық зерттеулер әдіснамасы саласындағы танымал маман. Scopus деректері бойынша оның Хирш индексі (h-index) — 34. Бұл оның жоғары ғылыми жарияланымдық белсенділігі мен еңбектерінің елеулі дәйексөзделу деңгейін көрсетеді.
Семинар тақырыбы: Qualitative Research Methodology: Approaches, Data Collection, and Analysis with a Focus on Qualitative Content Analysis and Thematic Analysis
Сапалық зерттеулер әдіснамасы: сапалық контент-талдау мен тақырыптық талдауға баса назар аудара отырып, деректерді жинау және талдау тәсілдері
Өткізілетін күндері: 2026 жылғы 28 қыркүйек – 2 қазан
Өткізілетін уақыты: 09:00–15:00
Оқыту тілі: ағылшын тілі
Ағылшын тілін меңгерудің талап етілетін деңгейі: B2 деңгейінен төмен емес
Өтетін орны: Астана қ., Бейбітшілік көшесі, 53, 3-қабат, коворкинг
Мақсатты аудитория: сапалық зерттеулер әдіснамасын зерделеуге және сапалық деректерді талдау дағдыларын дамытуға қызығушылық танытатын «Астана медицина университеті» КеАҚ профессор-оқытушылар құрамы мен білім алушылары.
Семинар аясында қатысушылар:
- сапалық зерттеулер жүргізудің негізгі тәсілдерін;
- сапалық деректерді жинау әдістері мен ерекшеліктерін;
- сапалық деректерді талдаудың негізгі қағидаттарын;
- сапалық контент-талдауды тәжірибеде қолдануды;
- тақырыптық талдау жүргізу әдістерін;
- ғылыми жарияланымдарды дайындау кезінде сапалық зерттеу нәтижелерін пайдалануды қарастырады.
Семинар қатысушыларға сапалық зерттеулер әдіснамасы саласындағы білімдерін тереңдетуге, деректерді талдаудың заманауи тәсілдерін меңгеруге және зерттеу нәтижелерін ғылыми журналдарда жариялауға дайындау бойынша практикалық ұсынымдар алуға мүмкіндік береді.
Қатысу үшін 2026 жылғы 20 қыркүйекке дейін келесі сілтеме арқылы тіркелу қажет: https://forms.gle/CS95abJ2Ch9csNkEA
WhatsApp тобына келесі сілтеме арқылы қосылуға болады:
https://chat.whatsapp.com/G2BCvS25E9F4w5etLzFlLG?s=cl&p=i&mlu=4