ҚҰРМЕТТІ 2-3 ЖЫЛ РЕЗИДЕНТТЕРІ!
2026-2027 оқу жылындағы академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында И.К.Ахунбаев атындағы Қырғыз Мемлекеттік Медициналық Академиясына (Бішкек, Қырғызстан) конкурс жарияланады.
Бағыттар және орын саны:
1. Анестезиология және реаниматология (ересектер, балалар) — 2 резидент;
2. Сот-медициналық сараптама — 2 резидент;
3. Физикалық медицина және оңалту (ересектер, балалар) — 2 резидент;
4. Травматология-ортопедия (балалар) — 2 резидент;
5. Инфекциялық аурулар (ересектер, балалар) — 2 резидент.
Барлық орын саны — 10.
Оқу кезеңі — 2026 жылдың қазан айы (нақты күндері қосымша хабарланады).
Құжаттарды тапсырудың соңғы мерзімі: 11.09.2026
Қаржыландыру:
Ішінара қаржыландыру: екі бағыттағы әуе билеті Университет есебінен (170 АЕК-ке дейін), оқу — тегін, тұру және тамақтану шығындары білім алушының өз қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
КОНКУРСҚА ҚАТЫСУ ТАЛАПТАРЫ:
1. академиялық қарыздың болмауы;
2. тәртіптік жазаның болмауы;
3. GPA — 2,6-дан төмен емес, (қайта өтініш беретін білім алушылар үшін — 3,6-дан төмен емес);
4. халықаралық және республикалық олимпиадалар/конференциялардағы жүлделі орындардың болуы (артықшылық беріледі).
КОНКУРСҚА ҚАТЫСУ ҮШІН ҚҰЖАТТАР:
1. Фотосуреті бар түйіндеме;
2. Мотивациялық хат (резиденттің қолымен);
3. Кафедра меңгерушісінің қолы қойылған ұсыныс хат;
4. 3×4 фотосурет (2 дана);
5. Төлқұжаттың көшірмесі;
6. Транскрипт көшірмелері (дипломға қосымша): бакалавр, интернатура және резидентура;
7. Резидентура және клиникалық жұмыс бөлімі бастығының (Ақполатова Гүлнур Момыновна) қолы қойылған өтініш;
8. Медициналық мамандықтар бойынша халықаралық және республикалық олимпиадалар/конференциялардағы жүлделі орындар (1, 2, 3 орын) үшін сертификаттар мен дипломдар (бар болған жағдайда).
КОНКУРСҚА ТЕК ҚР АЗАМАТТАРЫ ҚАТЫСА АЛАДЫ.
ӨТІНІШТЕР ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ БӨЛІМІНДЕ ҚАБЫЛДАНАДЫ.
Құжаттарды тапсырудың соңғы мерзімі — 11.09.2026
Бейбітшілік, 49А, бас корпус, 405-кабинет
Кеңес беру және құжаттарды қабылдау: 16:00–17:00
Телефон: +7(7172)539472 / +7(7172)539442
Оқу кезеңі — 2026 жылдың қазан айы (нақты күндері қосымша хабарланады).
Конкурс өтетін күні қосымша хабарланады.