Шетелдік клиникалық және академиялық тәжірибе – кәсіби дамуға жаңа мүмкіндік

Шетелдік клиникалық және академиялық тәжірибе – кәсіби дамуға жаңа мүмкіндік

Шетелдік клиникалық және академиялық тәжірибе – кәсіби дамуға жаңа мүмкіндік

Астана медицина университеті Медицина мектебінің 5 курс студенті Алимханова Алия Бейбитовна академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында Еуропаның екі елінде - Румыния мен Словакияда кезек-кезек тәжірибеден өтті.

Академиялық ұтқырлықтың алғашқы кезеңінде Алия Бейбитовна Румынияның Клуж-Напока (Cluj-Napoca) қаласындағы County Emergency Clinical Hospital Cluj-Napoca ауруханасының Internal Medicine – General бөлімінде клиникалық тәжірибеден өтті.

Румыниядағы тәжірибе барысында студент ішкі аурулар бағыты бойынша клиникалық жұмыс үдерісімен танысып, пациенттерді тексеру, диагностикалау және емдеу барысын бақылауға мүмкіндік алды. Сонымен қатар, клиникалық жағдайларды талдау және пациенттерге медициналық көмек көрсету тәсілдері бойынша практикалық тәжірибесін толықтырды.

Бағдарламаның келесі кезеңінде Алия Словакияның Мартин қаласындағы Jessenius Faculty of Medicine in Martin, Comenius University базасында тәжірибесін жалғастырды. Мұнда ол Патофизиология бөлімінде академиялық тәжірибеден өтіп, медицинаның іргелі бағыттарының бірі бойынша білімін тереңдетті.

Словакиядағы тәжірибе барысында студент патофизиологиялық үдерістер мен аурулардың даму механизмдерін зерделеп, теориялық білімін халықаралық академиялық ортада жетілдіруге мүмкіндік алды.

Осылайша, бір академиялық ұтқырлық кезеңінде екі елде қатарынан тәжірибе жинақтау Алияға клиникалық және академиялық бағыттарды ұштастырып, кәсіби білімін кеңейтуге мүмкіндік берді.

Тізімге оралу
© 2022, Астана медицина университеті
Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 49а
тел.: +7 (7172) 53 94 47; +7 700 153 94 47
Яндекс.Метрика