2–3 оқу жылындағы резиденттерге арналған Әзербайжандағы академиялық ұтқырлық

2–3 оқу жылындағы резиденттерге арналған Әзербайжандағы академиялық ұтқырлық

 2–3 оқу жылындағы резиденттерге арналған Әзербайжандағы академиялық ұтқырлық

ҚҰРМЕТТІ 2–3 ОҚУ ЖЫЛЫНДА БІЛІМ АЛЫП ЖАТҚАН РЕЗИДЕНТТЕР!

2026–2027 оқу жылына арналған академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында резиденттер арасында Әзербайжан мемлекеттік дәрігерлерді жетілдіру институтында (Ә. Әлиев атындағы), Баку қ., Әзербайжан білім алуға арналған конкурс жарияланады.

БАҒЫТТАР ЖӘНЕ ОРЫН САНЫ

1.     Акушерия және гинекология (ересектер) — 2 орын;

2.     Балалар хирургиясы — 2 орын;

3.     Аллергология және иммунология (ересектер және балалар) — 2 орын;

4.     Онкология (ересектер) — 2 орын;

5.     Анестезиология және реаниматология (ересектер) — 2 орын.

Барлығы — 10 орын.

 

Оқу мерзімі: 2026 жылғы қазан айы.
Нақты оқу күндері қосымша хабарланады.

Құжаттарды қабылдаудың соңғы мерзімі: 2026 жылғы 15 қыркүйек.

ҚАРЖЫЛАНДЫРУ

Ішінара қаржыландыру қарастырылған:

·        екі бағыттағы әуе билеті — Университет есебінен, 170 МРП-ға дейінгі сома шегінде;

·        оқу — тегін;

·        тұру және тамақтану — білім алушының өз қаражаты есебінен.

КОНКУРСҚА ҚАТЫСУҒА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР

1.     Академиялық берешектің болмауы;

2.     Тәртіптік жазалардың болмауы;

3.     GPA — кемінде 2,6;

4.     Конкурсқа қайта қатысатын білім алушылар үшін — GPA кемінде 3,6;

5.     Халықаралық және республикалық олимпиадалар мен конференцияларда жүлделі орындардың болуы — басымдық ретінде қарастырылады.

КОНКУРСҚА ҚАТЫСУ ҮШІН ҚАЖЕТТІ ҚҰЖАТТАР

1.     Резидентура және клиникалық жұмыс бөлімінің басшысы Ақполатова Гүлнұр Момынқызы қол қойған конкурсқа қатысу туралы өтініш;

2.     Фотосуреті бар түйіндеме (CV);

3.     Резиденттің қолы қойылған мотивациялық хат;

4.     Кафедра меңгерушісінің қолы қойылған ұсыным хат;

5.     3×4 көлеміндегі фотосурет — 2 дана;

6.     Паспорттың көшірмесі;

7.     Бакалавриат, интернатура және резидентура бойынша транскрипттердің (диплом қосымшаларының) көшірмелері;

8.     Резидентура және клиникалық жұмыс бөлімінің басшысы Ақполатова Г.М. қол қойған өтініш;

9.     Медициналық мамандықтар бойынша халықаралық және республикалық олимпиадалар мен конференцияларда алған 1, 2, 3 орындарды растайтын сертификаттар мен дипломдар — болған жағдайда.

МАҢЫЗДЫ!

Конкурсқа тек Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса алады.


ҚҰЖАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАУ

Конкурсқа қатысуға өтінімдер Халықаралық ынтымақтастық бөліміне қабылданады.

Мекенжайы: Астана қ., Бейбітшілік көшесі, 49А, бас корпус, 414-кабинет.

Кеңес беру және құжаттарды қабылдау: 16:00–17:00 аралығы.

Телефон: +7 (7172) 53-94-42

Өтінішке қол қою үшін:

Ақполатова Г.М. — Абай көшесі, 47, 7-қабат, 716, 717-кабинеттер.

Құжаттарды қабылдаудың соңғы мерзімі: 2026 жылғы 15 қыркүйек.

Конкурстың өткізілетін күні: қосымша хабарланады.

Тізімге оралу
© 2022, Астана медицина университеті
Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 49а
тел.: +7 (7172) 53 94 47; +7 700 153 94 47
Яндекс.Метрика