2–3-оқу жылындағы резиденттер арасында конкурс жарияланады!

2–3-оқу жылындағы резиденттер арасында конкурс жарияланады!

2–3-оқу жылындағы резиденттер арасында конкурс жарияланады!

ҚҰРМЕТТІ РЕЗИДЕНТТЕР! 

2026–2027 оқу жылына арналған академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында төмендегі шетелдік жоғары оқу орнына оқуға конкурс жарияланады:

1.     Ташкент мемлекеттік медицина университеті – 10 орын.

Оқу мерзімі: 2 апта.

Бағыттар:

1.   Неврология (ересектер және балалар) – 2;

2.   Радиология – 2;

3.   Эндокринология (ересектер және балалар) -2;

4.   Дерматовенерология (ересектер және балалар) – 2;

5.   Жалпы хирургия – 2.

Ішінара қаржыландыру: екі бағыттағы әуе билеттері, тұру, оқу ақысы Университет қаражаты есебінен төленеді. Қаржыландыру сомасы 170 АЕК-ке дейін. Тамақтану шығындары білім алушының өз қаражаты есебінен төленеді.

Құжаттарды қабылдау мерзімі : 25.09.2026 – 02.10.2026

 

2.     Абу Али ибн Сино атындағы Бұхара мемлекеттік медицина институты– 12 орын.

Оқу мерзімі: 2 апта.

Бағыттар:

1.   Психиатрия (ересектер және балалар) – 2;

2.   Офтальмология (ересектер және балалар) – 2;

3.   Акушерство и гинекология (ересектер және балалар) – 2;

4.   Кардиология (ересектер және балалар) – 2;

5.   Неонатология – 2;

6.   Пульмонология - 2.

Ішінара қаржыландыру: екі бағыттағы әуе билеттері, оқу ақысы Университет қаражаты есебінен төленеді. Қаржыландыру сомасы 170 АЕК-ке дейін. Тамақтану және тұру шығындары білім алушының өз қаражаты есебінен төленеді.

Құжаттарды қабылдау мерзімі: 25.09.2026 – 02.10.2026

 

3.     Самарканд мемлекеттік медицина университеті – 10 орын.

Оқу мерзімі: 2 апта.

Бағыттар:

1.   Травматология және ортопедия (ересектер және балалар) – 2;

2.   Урология және андрология (ересектер және балалар) – 2;

3.   Жедел медициналық жәрдем (ересектер және балалар) – 2;

4.   Педиатрия – 2;

5.   Терапия – 2.

Ішінара қаржыландыру: екі бағыттағы әуе билеттері, тұру, оқу ақысы Университет қаражаты есебінен төленеді. Қаржыландыру сомасы 170 АЕК-ке дейін. Тамақтану шығындары білім алушының өз қаражаты есебінен төленеді.

Құжаттарды қабылдау мерзімі: 25.09.2026 – 02.10.2026

 

КОНКУРСҚА ҚАТЫСУҒА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР:

1.     Академиялық қарыздарының болмауы;

2.     Тәртіптік жазалардың болмауы;

3.     GPA көрсеткіші — кемінде 2,6; академиялық ұтқырлық бағдарламасына қайта өтініш беретін үміткерлер үшін — кемінде 3,6;

4.     Халықаралық және республикалық олимпиадаларда немесе конференцияларда жүлделі орындардың болуы құпталады.

 

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1. CV / түйіндеме;

2. Motivation Letter / уәждемелік хат;

3. Recommendation Letter / Кафедра меңгерушісі қол қойған ұсынымдық хат

4. 3 × 4 см көлеміндегі 2 фотосурет;

5. Паспорт копиясы;

6. Транскрипттер: бакалавриат, интернатура және резидентура бойынша диплом қосымшалары копиясы;

7. Өтініш. Өтініш нысаны қосымшада ұсынылған. Құжаттарды тапсырар алдында өтінішке Резидентура және клиникалық жұмыс бөлімінің басшысынан қол қою қажет. Мекенжайы: Абай көшесі, 47, 716 немесе 717-кабинет.

 

Конкурсқа тек Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса алады.

 

КОНКУРСҚА ҚАТЫСУҒА ӨТІНІМДЕРДІ ҚАБЫЛДАУ

Өтінімдер Халықаралық ынтымақтастық орталығында 2026 жылғы 25.09.2026 – 02.10.2026 аралығында қабылданады.

 

Ұйымдастырушы: Халықаралық ынтымақтастық бөлімі
Мекенжайы: Бейбітшілік көшесі, 49А, бас ғимарат, 414-кабинет
Академиялық ұтқырлық жөніндегі үйлестіруші: Барысов Әлрахман Мұратұлы
Кеңес беру және құжаттарды қабылдау уақыты: сағат 16:00-ден 17:20-ға дейін
Конкурстың өткізілу күні: қосымша хабарланады.

Тізімге оралу
© 2022, Астана медицина университеті
Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 49а
тел.: +7 (7172) 53 94 47; +7 700 153 94 47
Яндекс.Метрика