2–3 КУРС РЕЗИДЕНТТЕРІНЕ АРНАЛҒАН АКАДЕМИЯЛЫҚ ҰТҚЫРЛЫҚ БАҒДАРЛАМАСЫ

2–3 КУРС РЕЗИДЕНТТЕРІНЕ АРНАЛҒАН АКАДЕМИЯЛЫҚ ҰТҚЫРЛЫҚ БАҒДАРЛАМАСЫ

2–3 КУРС РЕЗИДЕНТТЕРІНЕ АРНАЛҒАН АКАДЕМИЯЛЫҚ ҰТҚЫРЛЫҚ БАҒДАРЛАМАСЫ

Адольф де Ротшильд қорының ауруханасы (Hôpital Fondation Adolphe de Rothschild), Париж қаласы, Франция

Құрметті 2–3 курс резиденттері!

2026–2027 оқу жылына арналған академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында резиденттер арасында Адольф де Ротшильд қорының ауруханасында (Hôpital Fondation Adolphe de Rothschild), Париж қаласы, Франция клиникалық тағылымдамадан өтуге арналған конкурс жарияланады.

БАҒЫТТАР ЖӘНЕ ОРЫН САНЫ

  1. Офтальмология — 1 орын;
  2. Оториноларингология — 1 орын;
  3. Нейрохирургия (ересектер және балалар) — 2 орын.

Барлығы — 4 орын.

Оқу мерзімі: 2027 жылғы сәуір айында 1 апта.

Тағылымдаманың нақты мерзімі қосымша хабарланады.

Құжаттарды тапсырудың соңғы мерзімі: 2026 жылғы 20 қазан.

ҚАРЖЫЛАНДЫРУ

Бағдарлама аясында ішінара қаржыландыру қарастырылған:

  • екі бағыттағы әуе билеті — Университет қаражаты есебінен, 170 АЕК-ке дейінгі сома шегінде;
  • оқу ақысы — 1 аптаға 500 еуро, тұру, тамақтану және визалық алымдар — білім алушының өз қаражаты есебінен.

КОНКУРСҚА ҚАТЫСУҒА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР

  1. Академиялық қарыздың болмауы.
  2. Тәртіптік жазалардың болмауы.
  3. GPA — кемінде 3,2.
  4. Конкурсқа қайта қатысатын білім алушылар үшін GPA — кемінде 3,6.
  5. Халықаралық және республикалық олимпиадалар мен конференцияларда жүлделі орындардың болуы — басымдық ретінде қарастырылады.
  6. Шетел тілін кемінде B2 деңгейінде білу:
    • IELTS-тің қолданыстағы сертификаты, нәтижесі кемінде 6,5, немесе
    • білім беру ұйымы немесе тіл курстары берген B2 деңгейіндегі сертификат.

ҚАЖЕТТІ ҚҰЖАТТАР ТІЗІМІ

  1. Конкурсқа қатысу туралы, Резидентура және клиникалық жұмыс бөлімінің бастығы Ақполатова Гүлнұр Момынқызы қол қойған өтініш (өтініш нысаны төменде қоса беріледі).
  2. Фотосуреті бар CV / түйіндеме.
  3. Білім алушы қол қойған Motivation Letter / мотивациялық хат.
  4. Оқытушының қолы қойылған Recommendation Letter / ұсыным хат.
  5. Көлемі 3×4 см — 2 дана фотосурет.
  6. Паспорттың жеке мәліметтері көрсетілген бетінің көшірмесі.
  7. Бакалавриат, интернатура және резидентура бойынша транскриптердің (диплом қосымшаларының) көшірмелері.
  8. Нәтижесі кемінде 6,5 болатын қолданыстағы IELTS сертификаты немесе білім беру ұйымы/тіл курстары берген B2 деңгейіндегі сертификат.
  9. Медициналық мамандықтар бойынша республикалық және/немесе халықаралық олимпиадаларда, конкурстарда, жарыстарда және басқа да іс-шараларда 1-, 2- немесе 3-орын алғанын растайтын дипломдар, грамоталар мен сертификаттардың көшірмелері (бар болса).

МАҢЫЗДЫ!

  • Барлық құжаттар ағылшын тілінде ұсынылуы тиіс.
  • Конкурсқа тек Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса алады.

ҚҰЖАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАУ

Конкурсқа қатысуға өтінімдер Халықаралық ынтымақтастық бөліміне қабылданады.

Мекенжайы: Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі, 49А, бас корпус, 414-кабинет.

Кеңес беру және құжаттарды қабылдау уақыты: 16:00–17:00.

Телефон: +7 (7172) 53-94-42.

Өтінішке қол қою үшін:

Ақполатова Г.М.

Астана қаласы, Абай көшесі, 47,
7-қабат, 716, 717-кабинеттер.

Құжаттарды тапсырудың соңғы мерзімі: 2026 жылғы 20 қазан.

Конкурстың өткізілу күні қосымша хабарланады.

Тізімге оралу
© 2022, Астана медицина университеті
Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 49а
тел.: +7 (7172) 53 94 47; +7 700 153 94 47
Яндекс.Метрика