АстМУ-да болашақ дәрігерлерге вакцинация туралы ақпарат беруді үйрету мәселелері талқыланды

АстМУ-да болашақ дәрігерлерге вакцинация туралы ақпарат беруді үйрету мәселелері талқыланды

АстМУ-да болашақ дәрігерлерге вакцинация туралы ақпарат беруді үйрету мәселелері талқыланды

Ата-аналардың вакцинацияға қатысты сұрақтарына қалай жауап беру керек? Күмәнді қалай сейілтуге болады? Медициналық ақпаратты қарапайым әрі түсінікті тілмен қалай жеткізген дұрыс? Бұл мәселелерді Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) сарапшылары мен Астана медицина университетің оқытушылары талқылады.

ДДҰ сарапшылары №3 қалалық балалар ауруханасының базасында өткен АстМУ Балалар инфекциялық аурулары кафедрасы резиденттерінің ашық сабағына қатысты. Педиатр-оқытушылар мен балалар инфекционистерімен бірге олар вакцинацияға қатысты күмән мен сенімсіздікті жұмсақ әрі дәлелді түрде еңсеру тәсілдерін оқу процесіне енгізу мәселелерін талқылады.

Әңгіме дәрігердің вакциналар туралы нені білуі керектігімен ғана шектелмеді. Мамандар пациенттермен бұл тақырыпта қалай сөйлесу керектігіне де назар аударды. Дәрігер адамның пікірін мұқият тыңдап, оның күмәнінің себебін түсініп, күрделі сұрақтарға жауап беріп, медициналық ақпаратты қарапайым әрі түсінікті тілде жеткізе білуі маңызды. Мұндай дағдыларды клиникалық сабақтар барысында, сондай-ақ медициналық тәжірибедегі нақты жағдайларды талдау арқылы дамытуға болады.

АстМУ-ның әртүрлі кафедраларының вакцинация арқылы аурулардың алдын алу бойынша мамандар даярлауға қалай үлес қоса алатыны туралы кездесу барысында кафедра меңгерушілері - № 2 балалар аурулары кафедрасының профессоры Мирам Мулдахметов, №3 отбасылық медицина кафедрасының профессоры Салтанат Уразова және эпидемиология және биостатистика кафедрасының профессоры Айман Мусина айтып берді.

Спикерлер вакцинация мәселелерін бір ғана пән аясында қарастырмай, әртүрлі бағыттағы мамандарды даярлау бағдарламаларына енгізудің маңызын атап өтті.

Кездесу соңында қатысушылар білім беру бағдарламаларын жетілдіру және кафедралар арасындағы пәнаралық өзара іс-қимылды дамытуға бағытталған алдағы шараларды талқылады.

Тізімге оралу
© 2022, Астана медицина университеті
Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 49а
тел.: +7 (7172) 53 94 47; +7 700 153 94 47
Яндекс.Метрика