Психикалық денсаулық: университетте эмоционалдық саулыққа арналған акция өтті

Психикалық денсаулық: университетте эмоционалдық саулыққа арналған акция өтті

Психикалық денсаулық: университетте эмоционалдық саулыққа арналған акция өтті

Стрессті қалай жеңуге, эмоционалдық жағдайды жақсырақ түсінуге және психологиялық күйзелістің белгілерін дер кезінде байқауға болады? Төрегелді Шарманов атындағы Ұлттық медицина университетінде қызметкерлер мен студенттер өздерінің психоэмоционалдық жағдайын бағалап, мамандардан ұсыныстар алды.

Эпидемиология және менеджмент орталығы Дүниежүзілік психикалық денсаулық федерациясының бастамасымен өткен үш күндік «Психикалық денсаулық» акциясын қолдады.

Акция аясында университет қызметкерлері мен студенттеріне екі психологиялық тестілеуден өту ұсынылды. Олар - Люшeрдің түстік тесті және «Психикалық белсенділікті, қызығушылықты, эмоционалдық тонусты, ширығуды және жайлылық деңгейін бағалау» әдістемесі.

Бұл әдістер қатысушылардың тексеру сәтіндегі психикалық жай-күйі, ішкі қажеттіліктері, стреске төзімділігі, жұмысқа қабілеттілігі мен эмоционалдық ахуалы туралы түсінік алуға мүмкіндік берді.

Диагностика нәтижелері бойынша әр қатысушыға жеке қорытынды жасалып, психикалық денсаулықты сақтау және жақсарту жөнінде ұсыныстар берілді.

Психикалық денсаулыққа қамқорлық өзіңе көңіл бөлуден басталады. Эмоционалдық ширығуды байқау, өз қажеттіліктеріңді түсіну және стреске дер кезінде әрекет ету ішкі тепе-теңдікті сақтауға әрі күнделікті міндеттерді тиімді орындауға көмектеседі.

Тізімге оралу
© 2026, Т.Шарманов атындағы Ұлттық медицина университеті
Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 49а
тел.: +7 (7172) 53 94 47; +7 700 153 94 47
Яндекс.Метрика