Төрегелді Шарманов атындағы Ұлттық медицина университетінде Республика күніне арналған салтанатты жиын өтті.
Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының профессоры Бибіжамал Омарова Қазақстанның тәуелсіздік алған 35 жыл ішіндегі жетістіктері туралы баяндама жасады.
Жиынның негізгі бөлігі қызметкерлерді марапаттау рәсіміне арналды.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Еңбек ардагері» төсбелгісімен Эпидемиология және менеджмент орталығының профессоры Айгүл Исмаилова марапатталды. «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісі № 2 отбасылық медицина кафедрасының доценті Риза Нурпеисоваға табысталды.
«Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен Онкология кафедрасының доценті Қасым Жақыпбаев, Жалпы және биологиялық химия кафедрасының аға оқытушысы Бақыт Игенбаева және Резидентура және клиникалық жұмыс бөлімінің басшысы Гүлнұр Ақполатова марапатталды.
Денсаулық сақтау министрлігінің Құрмет грамоталары Академиялық жұмыс департаментінің бас маманы Маржанкүл Аубакироваға және Мейіргер ісі кафедрасының меңгерушісі Ұлбосын Салтабаеваға табысталды. Министрліктің Алғыс хаттарымен Гүлфариза Абжанова, Салтанат Касенова, Салтанат Шайкенова және Зарина Хатчукаева марапатталды.
Сондай-ақ 27 қызметкер адал еңбегі, кәсіби жетістіктері және медициналық білім беруді дамытуға қосқан үлесі үшін ректордың Құрмет грамотасымен, 34 қызметкер Алғыс хатымен марапатталды. Олардың қатарында оқытушылар, зерттеушілер, әкімшілік бөлімшелердің, кітапхананың және университеттің күнделікті жұмысын қамтамасыз ететін қызметтердің мамандары бар.