Фармакологиядан халықаралық олимпиаданың күміс жүлдесі — Sharmanov University командасында!

Фармакологиядан халықаралық олимпиаданың күміс жүлдесі — Sharmanov University командасында!

Фармакологиядан халықаралық олимпиаданың күміс жүлдесі — Sharmanov University командасында!

Т. Шарманов атындағы Ұлттық медицина университетінің студенттері Томск қаласында өткен фармакологиядан халықаралық студенттік олимпиадада ағылшын тілінде қатысқан командалар арасында екінші орын алды.

Олимпиада екі кезеңнен тұрды. Бірінші кезеңде қатысушылар жағдаяттық есептерді шешіп, жауаптарын олимпиада сайты арқылы жолдады. Екінші кезең офлайн форматта өтті: командалар оқу және зертханалық жабдықтарды пайдалана отырып, тәжірибелік кейстерді шешті.

Олимпиада студенттерге білімдерін сынап, оны тәжірибелік тапсырмаларды шешуде қолдануға, сондай-ақ басқа университеттердің болашақ мамандарымен танысуға мүмкіндік берді.

Сапар барысында көрнекті қазақстандық ғалым, геолог әрі академик Қаныш Сәтбаевтың ескерткіші қатысушыларға ерекше әсер қалдырды. Ол Томск қаласында білім алып, бұл оның кейінгі ғылыми қызметіне негіз болды.

Студенттер мен олардың тәлімгерлерін лайықты жетістігімен құттықтаймыз! Командаға жаңа мүмкіндіктер, қызықты кәсіби кездесулер мен жеңістер тілейміз!

Тізімге оралу
© 2026, Т.Шарманов атындағы Ұлттық медицина университеті
Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 49а
тел.: +7 (7172) 53 94 47; +7 700 153 94 47
Яндекс.Метрика