Т. Шарманов атындағы университеттің командасы Ташкенттегі медициналық олимпиадада екінші орын алды

Т. Шарманов атындағы университеттің командасы Ташкенттегі медициналық олимпиадада екінші орын алды

Т. Шарманов атындағы университеттің командасы Ташкенттегі медициналық олимпиадада екінші орын алды

Т. Шарманов атындағы Ұлттық медицина университетінің командасы «Медицина виртуоздары — 2026» халықаралық олимпиадасының жалпыкомандалық есебінде екінші орын алды.

Университет командасының нәтижелері

  • «Педиатрия» секциясында I орын — Бекзат Ельжасов, «Педиатрия» мектебінің 5-курс студенті.

  • «Шұғыл медициналық көмек» секциясында I орын — Маржан Есенәлі, «Медицина» мектебінің 5-курс студенті.

  • Акушерлік және гинекология секциясында II орын — Дана Айдарбек, № 1 акушерлік және гинекология кафедрасының 6-курс интерні.

  • «Терапия» секциясында III орын — Адила Аябергенова, «Терапия» бағыты бойынша интерн.

Практикалық медициналық дағдылар бойынша VI халықаралық студенттік олимпиада 30–31 қазанда Ташкент мемлекеттік медицина университетінде өтті. Университеттің Термез филиалының мәліметінше, олимпиадаға 25 жоғары оқу орнынан 200-ге жуық студент қатысты. Қатысушы елдердің қатарында Өзбекстан, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Ресей бар.

Қатысушылар терапия, педиатрия, акушерлік және гинекология, шұғыл медициналық көмек және медициналық профилактика бойынша бес секцияда клиникалық тапсырмаларды шешіп, практикалық дағдыларын көрсетті. Әр қатысушы бір секцияда бақ сынады.

Команданы және оның тәлімгерлерін құттықтаймыз!

Тізімге оралу
© 2026, Т.Шарманов атындағы Ұлттық медицина университеті
Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 49а
тел.: +7 (7172) 53 94 47; +7 700 153 94 47
Яндекс.Метрика