Ағылшын тілінен Халықаралық Гумилев онлайн-олимпиадасында құрметті орындарға ие болған студенттерімізді құттықтаймыз

Ағылшын тілінен Халықаралық Гумилев онлайн-олимпиадасында құрметті орындарға ие болған студенттерімізді құттықтаймыз

Ағылшын тілінен Халықаралық Гумилев онлайн-олимпиадасында құрметті орындарға ие болған студенттерімізді құттықтаймыз

2021 жылғы 17 сәуірде Еуразия ұлттық университетінің филология факультетінде тілдік емес білім беру бағдарламаларының 1-2 курсының студенттеріне арналған ағылшын тілінен Халықаралық Гумилевтің онлайн олимпиадасы өтті. Олимпиадаға 147 оқушы қатысты, оның 29-ы Ресей, Венгрия, Франция, Қытай, Үндістан, Украина, Қырғызстан, Түрікменстан сияқты елдердің өкілдері. Қазақстанның атынан «Астана медицина университеті» КЕАҚ-ты қоса алғанда, еліміздің ең үздік университеттері қатысты.

Олимпиада Google form платформасында екі турда өтті: онлайн-олимпиаданың 1-туры – тыңдау және оқу. Қатысушылар әр түрлі қиындықтағы тапсырмаларды 1 сағаттың ішінде орындады. Турдың соңында нәтижелер жарияланып, екінші турға тек 33 қатысушы өтті. Екінші тур – «Л.Н.Гумилев мұрасы қазіргі ұрпақтың көзімен» тақырыбында ауызша презентация.

2-ші турға қатысқан барлық студенттер ағылшын тілінде ауызекі сөйлеу дағдылары мен қабілеттерін тамаша көрсетті. Олимпиаданың екі кезеңінің қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталды. Университетіміздің өкілдері келесі орындарға ие болды:

1 дәрежелі дипломдар:

Гаджиева Жасмин, 210 Стом тобы (жетекшісі – филологиялық пәндер кафедрасының аға оқытушысы, педагогика ғылымдарының магистрі Рысқұлова А.Ш.);

III дәрежелі дипломдар:

Ахметова Алина, 257 ОМ тобы (жетекшісі – филологиялық пәндер кафедрасының аға оқытушысы, педагогика ғылымдарының магистрі Тулекеева С.А.);

Гаджиева Пери, 210 стом тобы (жетекшісі – филологиялық пәндер кафедрасының аға оқытушысы, педагогика ғылымдарының магистрі Рысқұлова А.Ш.).

Біздің университеттің ұйымдастырушысы және жетекшісі – филология пәндері кафедрасының аға оқытушысы, педагогика ғылымдарының магистрі Бабжанова Г.Ж.

Құрметті орын иелерін құттықтай отырып, оларға жұмыстарында сәттілік тілейміз!

Тізімге оралу
© 2022, Астана медицина университеті
Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 49а
тел.: +7 (7172) 53 94 47; +7 700 153 94 47
Яндекс.Метрика