Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында азаматтар мен әскери қызметшілерді медициналық куәландырумен айналысатын 4000-нан астам дәрігер-мамандар әскери-дәрігерлік сараптама бойынша дипломнан кейінгі жүйелі даярлықты қажет етеді.
Жыл сайын бірнеше жүз мерзімді қызметтегі әскери қызметшілер мен келісімшарттық қызметтегі әскери қызметшілер әскери қызмет өткерумен байланысты емес аурулармен, негізінен әскери-дәрігерлік сараптама мәселелерін нашар білуіне байланысты дәрігерлердің қателігінен босатылады.
Әскери қызметке шақырылатын азаматтарды, әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелерін медициналық куәландырудың сапасын жақсарту, халықтың заңдық және әлеуметтік қорғалуы, дәрігерлік қателіктер жібермеу мақсатында "Астана "медицина университеті" КЕАҚ жанынан әскери-дәрігерлік комиссиялардың және медициналық ұйымдардың барлық мамандықтарының дәрігерлеріне арналған әскери-дәрігерлік сараптама бойынша біліктілікті арттыру курстары ашылды.
Курстар ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 14 наурыздағы №165 "Медициналық және фармацевтикалық кадрлардың біліктілігін арттыру мен қайта даярлаудың үлгілік бағдарламаларын бекіту туралы" бұйрығына сәйкес "медициналық куәландыру, әскери-дәрігерлік және дәрігерлік-ұшу сараптамасын жүргізу негіздері"циклі бойынша ұйымдастырылды.
Курстар жергілікті денсаулық сақтау органдарының медициналық ұйымдарының, жергілікті әскери басқару органдары жанындағы әскери-дәрігерлік комиссиялардың, ӘДС мәселелерімен айналысатын бөлімшелері бар мемлекеттік органдардың бөлімдері мен мекемелерінің барлық мамандықтарының дәрігерлеріне есептелген.
Тыңдаушыларды даярлауға "Астана медицина университеті" КЕАҚ профессор-оқытушылар құрамы және ҚР ҚМ Орталық әскери-дәрігерлік комиссиясының және басқа да әлеуетті құрылымдардың мамандары тартылады.
Біліктілікті арттыру курстары 120 сағатқа (3 апта) есептелген, оның ішінде 30 сағат медициналық қызметтердің сапасын сараптау, медициналық-әлеуметтік сараптама мәселелеріне арналған.
Қашықтықтан оқыту технологиясын қолдану арқылы оқыту құны – 40 000 (қырық мың) теңге, оқытудың көшпелі циклдары – 60 000(алпыс мың) теңге.
Тапсырыс берушілер іссапар шығыстарын төлеген кезде (2 адамға есептегенде) және 15 және одан да көп адамды жинаған кезде өңірлер бойынша көшпелі циклдарды ұйымдастыруға болады.
Біліктілікті арттыру курстары аяқталғаннан кейін белгіленген үлгідегі сертификаттар беріледі.
Жоғарыда баяндалғанның негізінде Сіздерден курстардан өтуге мүдделілік жөнінде мамандардың саны мен өткізу мерзімдері көрсетілген ұсыныстар берулеріңізді сұраймыз.
Курстарды ұйымдастыру және өту мәселелері бойынша мына мекенжайға хабарласуыңызды сұраймын: Нұр-сұлтан қаласы, "Астана медицина университеті" КЕАҚ, Бейбітшілік даңғылы 51, 4 қабат, 407 кабинет.
Қажетті ақпарат "Астана медицина университеті" КЕАҚ ресми сайтында "дәрігер"бөлімінде орналасқан.
Байланыс телефондары: 8(7172) 53-96-12, 8 702 258 28 67.
e-mail: bolat_baikadamov@mail.ru
АМУ " КЕАҚ жанындағы әскери-дәрігерлік сараптама курсы
АМУ " КЕАҚ жанындағы әскери-дәрігерлік сараптама курсы
