"Шекарасыз Физиология" халықаралық қоғамдастық бағдарламасы аясында ашық дәріс өтті

"Шекарасыз Физиология" халықаралық қоғамдастық бағдарламасы аясында ашық дәріс өтті

"Шекарасыз Физиология" халықаралық қоғамдастық бағдарламасы аясында ашық дәріс өтті

2021 жылдың 15 ақпанында "Шекарасыз Физиология" халықаралық қоғамдастық бағдарламасы аясында Г.Р. Державин атындағы Тамбов мемлекеттік университетінің студенттері үшін "жүрек физиологиясы" тақырыбында ашық дәріс өтті. Дәрісті биология ғылымдарының кандидаты, Медициналық биология кафедрасының доценті Светлана Шутова өткізді. Дәріс жоғары ғылыми және оқу-әдістемелік деңгейде заманауи цифрлық технологияларды пайдалана отырып және студенттерді диалогқа белсенді қатыстыра отырып оқылды. Дәріс соңында дөңгелек үстел өтті, оның модераторы Астана медициналық университетінің (Қазақстан) қалыпты физиология кафедрасының меңгерушісі Курейш Хамчиев болды. Дәрісті талқылауға түрлі елдердің жетекші физиологтары: Фируз Шүкіров, Фариза Халимова (Тәжікстан), Ирина Кононец (Қырғызстан), Игорь Шахматов, Вячеслав Вдовин, Дмитрий Кувшинов (Ресей), Фарида Миндубаева, Нурия Харисова, Салима Ибраева (Қазақстан) қатысты. Ғалымдар дәрістің сапасын жоғары бағалап, дәріскерге алғыс білдірді, сондай-ақ кейбір ұсыныстар берді. Болашақта "Шекарасыз Физиология" аясында өткізілетін осындай іс-шаралар студенттер үшін жақсы білім мектебі, педагогикалық тәжірибемен алмасу алаңы, сондай-ақ елдер арасындағы достық пен ынтымақтастықты одан әрі нығайтудың сенімді іргетасы болады.

Тізімге оралу
© 2022, Астана медицина университеті
Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 49а
тел.: +7 (7172) 53 94 47; +7 700 153 94 47
Яндекс.Метрика